Хадис

Кутуб ситтә, № 5178

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
820. Иқтағ
Нөмірі
№ 5178 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
5178
Кутуб ситтә, № 5178 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ كَثِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ عَوْفٍ الْمُزَنِيِّ عَنْ أَبِيهِ عَنْ جَدِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَقْطَعَ بِلَالَ بْنَ الْحَارِثِ الْمُزَنِيَّ مَعَادِنَ الْقَبَلِيَّةِ جَلْسِيَّهَا وَغَوْرِيَّهَا، وَحَيْثُ يَصْلُحُ الزَّرْعُ مِنْ قُدْسٍ، وَلَمْ يُعْطِهِ حَقَّ مُسْلِمٍ. وَكَتَبَ لَهُ: بِسْمِ اللَّهِ الرَّحْمَنِ الرَّحِيمِ، هَذَا مَا أَعْطَى مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بِلَالَ بْنَ الْحَارِثِ، أَعْطَاهُ مَعَادِنَ الْقَبَلِيَّةِ جَلْسِيَّهَا وَغَوْرِيَّهَا». زَادَ فِي رِوَايَةٍ: «وَذَاتَ النُّصُبِ، وَحَيْثُ يَصْلُحُ الزَّرْعُ مِنْ قُدْسٍ، وَلَمْ يُعْطِهِ حَقَّ مُسْلِمٍ، وَكَتَبَ أُبَيُّ بْنُ كَعْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ وَأَبُو دَاوُدَ. «الْجَلْسِيُّ» بِالْجِيمِ مَنْسُوبٌ إِلَى الْجَلْسِ، وَهِيَ أَرْضُ نَجْدٍ، وَيُقَالُ لِكُلِّ مُرْتَفِعٍ مِنَ الْأَرْضِ جَلْسٌ. وَ«الْغَوْرُ» مَا انْهَبَطَ مِنَ الْأَرْضِ، وَأَرَادَ أَنَّهُ أَقْطَعَهُ جَمِيعَ تِلْكَ الْأَرْضِ نَجْدَهَا وَغَوْرَهَا.

Қазақша аудармасы

Кәсир ибн Абдулла ибн Амр ибн Ауф әл-Музани әкесінен, әкесі атасынан мына риуаятты жеткізген: «Алла елшісі (с.а.с.) Біләл ибн әл-Харис әл-Музаниге әл-Қабалияның қыраттағы және ойпаттағы кен орындарын, Қудстың егінге жарамды жерлерін бөліп берді. Бұл үлеске ешбір мұсылманның хақысы бар жерді қоспады. Оған: “Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен. Бұл – Алланың елшісі Мұхаммедтің Біләл ибн әл-Хариске бергені. Оған әл-Қабалияның қыраттағы және ойпаттағы кен орындарын берді”, – деп жазып берді».

Өзге нұсқада құжатқа: «Зат ән-Нұсубты және Қудстың егінге жарамды жерлерін де берді. Ешбір мұсылманның хақысын оған берген жоқ. Мұны Үбәй ибн Кағб жазды», – деген сөздер қосылған1.

Түсіндірме

«Муаттадағы» нұсқада Алла Елшісінің (с.а.с.) Біләл ибн әл-Хариске Фәрғ өңіріндегі әл-Қабалия кен орындарын бөліп бергені және сол кендерден күні бүгінге дейін зекеттен басқа төлем алынбағаны айтылады.

Биік және ойпаң жерлерді атап көрсету арқылы сол өңір тұтасымен меңзелген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Хараж», № 3062–3063. Мәлик, «Муатта», «Зекет», 8-тарау (1-том, 248-бет).