Хадис

Кутуб ситтә, № 5145

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
813. Тозақтықтар
Нөмірі
№ 5145 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
5145
Кутуб ситтә, № 5145 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Әбу Дәрда

وَعَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يُلْقَى عَلَى أَهْلِ النَّارِ الْجُوعُ، فَيَعْدِلُ مَا هُمْ فِيهِ مِنَ الْعَذَابِ، فَيَسْتَغِيثُونَ، فَيُغَاثُونَ بِطَعَامٍ مِنْ ضَرِيعٍ لَا يُسْمِنُ وَلَا يُغْنِي مِنْ جُوعٍ. فَيَسْتَغِيثُونَ بِالطَّعَامِ، فَيُغَاثُونَ بِطَعَامٍ ذِي غُصَّةٍ. فَيَذْكُرُونَ أَنَّهُمْ كَانُوا يُجِيزُونَ الْغُصَصَ فِي الدُّنْيَا بِالشَّرَابِ. فَيَسْتَغِيثُونَ بِالشَّرَابِ. فَيُدْفَعُ إِلَيْهِمُ الْحَمِيمُ بِكَلَالِيبِ الْحَدِيدِ. فَإِذَا أُدْنِيَ مِنْ وُجُوهِهِمْ شَوَى وُجُوهَهُمْ، فَإِذَا دَخَلَ بُطُونَهُمْ قَطَعَ مَا فِي بُطُونِهِمْ. فَيَقُولُونَ: اُدْعُوا خَزَنَةَ جَهَنَّمَ عَسَاهُمْ يُخَفِّفُونَ عَنَّا. فَيَدْعُونَهُمْ، فَيَقُولُونَ: أَلَمْ تَكُ تَأْتِيكُمْ رُسُلُكُمْ بِالْبَيِّنَاتِ؟ قَالُوا: بَلَى. قَالُوا: فَادْعُوا وَمَا دُعَاءُ الْكَافِرِينَ إِلَّا فِي ضَلَالٍ. فَيَقُولُونَ: ادْعُوا مَالِكًا، فَيَقُولُونَ: يَا مَالِكُ لِيَقْضِ عَلَيْنَا رَبُّكَ. فَيُجِيبُهُمْ: إِنَّكُمْ مَاكِثُونَ. قَالَ الأَعْمَشُ رَحِمَهُ اللَّهُ: نُبِّئْتُ أَنَّ بَيْنَ دُعَائِهِمْ مَالِكًا وَإِجَابَتِهِ مِقْدَارُ أَلْفِ عَامٍ. فَيَقُولُونَ: اُدْعُوا رَبَّكُمْ، فَلَا أَحَدَ خَيْرٌ مِنْ رَبِّكُمْ، فَيَقُولُونَ: رَبَّنَا غَلَبَتْ عَلَيْنَا شِقْوَتُنَا وَكُنَّا قَوْمًا ضَالِّينَ. رَبَّنَا أَخْرِجْنَا مِنْهَا فَإِنْ عُدْنَا فَإِنَّا ظَالِمُونَ. قَالَ فَيُجِيبُهُمْ: اخْسَئُوا فِيهَا وَلَا تُكَلِّمُونِ. قَالَ: فَعِنْدَ ذَلِكَ يَئِسُوا مِنْ كُلِّ خَيْرٍ، فَيَأْخُذُونَ فِي الزَّفِيرِ وَالشَّهِيقِ وَيَدْعُونَ بِالْوَيْلِ وَالثُّبُورِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ رَزِينٌ: «فَيُقَالُ لَهُمْ: لَا تَدْعُوا الْيَوْمَ ثُبُورًا وَاحِدًا وَادْعُوا ثُبُورًا كَثِيرًا». «الضَّريعُ» نَبْتٌ بِالْحِجَازِ لَهُ شَوْكٌ. وَ«الحميمُ» الْمَاءُ الْمُتَنَاهِي الْحَرَارَةِ. وَ«الزَّفيرُ» إِدْخَالُ النَّفَسِ إِلَى الْجَوْفِ مَعَ صَوْتٍ. وَ«الثبورُ» الْهَلَاكُ.

Қазақша аудармасы

Әбуд-Дарда (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Тозақтықтар аштыққа ұшырайды. Оның азабы тартып жатқан азабымен тең болады. Олар көмек сұрағанда, тойдырмайтын, аштықты баспайтын дариғ атты тікен беріледі. Қайта ас сұрағанда, кеңірдегіне кептелетін ас беріледі. Дүниеде тамаққа кептелгенді сумен өткізетіндерін еске алып, су сұрайды. Оларға темір ілмектермен қайнаған су әкелінеді. Су беттеріне жақындағанда, жүздерін күйдіреді. Қарындарына жеткенде, ішек-қарындарын тіліп түседі. Сонда олар: “Тозақтың күзетшілерін шақырыңдар. Бәлкім, азабымызды жеңілдетер”, – дейді. Олар күзетшілерді шақырғанда, күзетшілер: “Сендерге елшілерің айқын дәлелдермен келмеді ме?” – дейді. Олар: “Иә”, – деп жауап береді. Күзетшілер: “Ендеше, өздерің жалбарыныңдар”, – дейді. Кәпірлердің дұғасы зая кетеді1. Сонда олар: “Мәлікті шақырыңдар”, – дейді. Олар: “Уа, Мәлік! Раббың жанымызды алсын”, – деп жалбарынады. Ол: “Сендер осында қаласыңдар”, – дейді»2.

Осы хадисті жеткізушілердің бірі Ағмаш: «Маған тозақтықтардың Мәлікке жалбарынғаны мен оның жауап беруінің арасында мың жыл өтетіні хабарланды», – дейді. Хадистің жалғасында тозақтықтар бір-біріне: «Раббыларыңа жалбарыныңдар. Сендер үшін Алладан қайырлы ешкім жоқ», – дейді де: «Уа, Раббымыз! Бақытсыздығымыз бізді жеңіп, адасқан қауым болыппыз. Уа, Раббымыз! Бізді осы жерден шығара көр. Қайтадан бұрынғы ісімізге оралсақ, онда шынымен залым боламыз»3, – деп жалбарынады. Раббылары: «Осында қор болып қала беріңдер. Маған тіл қатпаңдар»4, – дейді.

Алла елшісі (с.а.с.) сөзін былай жалғаған: «Осы жауаптан кейін олар бар игіліктен үміт үзеді. Олар ыңырсып, өксиді де, қасірет пен опат тілейді»5. Рәзиннің нұсқасында мына сөз қосылған: «Оларға: “Бүгін бір өлім тілемеңдер, көп өлім тілеңдер”, – делінеді» («Фұрқан», 14-аят).

  1. 1«Ғафир», 50-аят.
  2. 2«Зухруф», 77-аят.
  3. 3«Мүмінун», 106–107-аяттар.
  4. 4«Мүмінун», 108-аят.
  5. 5Тирмизи, «Тозақ», № 2586. Тирмизи осы сөздің Әбуд-Дардаға тиесілі, Пайғамбарға (с.а.с.) телінбейтін нұсқасын да көрсеткен.