وَعَنْ حَارِثَةَ بْنِ وَهْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَأُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ الْجَنَّةِ؟ قَالُوا: بَلَى يَا رَسُولَ اللَّهِ. قَالَ: كُلُّ ضَعِيفٍ مُتَضَعِّفٍ لَوْ أَقْسَمَ عَلَى اللَّهِ لَأَبَرَّهُ، أَأُخْبِرُكُمْ بِأَهْلِ النَّارِ؟ كُلُّ عُتُلٍّ جَوَّاظٍ مُسْتَكْبِرٍ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.
Қазақша аудармасы
Хариса ибн Уәһб (р.а.) былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естідім: “Сендерге жәннаттықтарды айтайын ба?” Сахабалар: “Иә, уа, Алланың елшісі”, – деді. Ол: “Жұрт әлсіз санайтын әрбір әлсіз кісі. Ол Алланың атымен ант етсе, Алла антын орындар еді”, – деді. Сосын: “Сендерге тозақтықтарды айтайын ба? Әрбір дөрекі, дүниеқоңыз әрі тәкаппар кісі”, – деді»1.
- 1Бұхари, «Тәпсір», «Қалам», № 4918. Мүслим, «Жәннат», № 2853. Тирмизи, «Тозақ», № 2605.