وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: حُفَّتِ الْجَنَّةُ بِالْمَكَارِهِ وَحُفَّتِ النَّارُ بِالشَّهَوَاتِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَالتِّرْمِذِيُّ. وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ: «حُجِبَتِ النَّارُ بِالشَّهَوَاتِ، وَحُجِبَتِ الْجَنَّةُ بِالْمَكَارِهِ».
Әнәс (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Жәннат нәпсіге ауыр істермен, тозақ құмарлықтармен қоршалған», – деген.
Осы мағынадағы риуаятты Бұхари мен Мүслім Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткізген. Онда екі жерде де حُفَّتْ («қоршалды») сөзінің орнына حُجِبَتْ («қалқаланды») сөзі қолданылған.
Әбу Һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла елшісі (с.а.с.): «Тозақ құмарлықтармен, жәннат нәпсіге ауыр істермен қалқаланған», – деген1.
- 1Мүслим, «Жәннат», №2822, Әнәстің риуаяты. Тирмизи, «Жәннат», №2559. Бұхари, «Риқақ», №6487 және Мүслим, «Жәннат», №2823, Әбу Һурайраның риуаяты.