وَعَنِ ابْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: أَنَا فَرْطُكُمْ عَلَى الْحَوْضِ، وَلَيُرْفَعَنَّ إِلَيَّ رِجَالٌ مِنْكُمْ حَتَّى إِذَا أَهْوَيْتُ إِلَيْهِمْ لِأُنَاوِلَهُمُ اخْتُلِجُوا دُونِي. فَأَقُولُ: أَيْ رَبِّ أَصْحَابِي. فَيُقَالُ: إِنَّكَ لَا تَدْرِي مَا أَحْدَثُوا بَعْدَكَ. فَأَقُولُ: سُحْقًا، سُحْقًا لِمَنْ بَدَّلَ بَعْدِي. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.
Ибн Мәсғуд (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Хауыз басына сендерден бұрын барамын. Араларыңнан біраз адам маған көрсетіледі. Оларға су ұсынбақ болып қол созғанымда, оларды алдымнан әкетеді. Сонда: “Уа, Раббым, бұлар менің серіктерім ғой!” – деймін. Маған: “Сенен кейін олардың не істегенін білмейсің”, – делінеді. Сонда: “Менен кейін өзгерткендер аулақ кетсін, аулақ кетсін!” – деймін»1.
- 1Бұхари, «Риқақ», № 6576 және «Фитән», № 7049. Мүслим, «Фазаил», № 2297. Соңғы «Аулақ кетсін» сөзі осы тақырыптағы өзге риуаяттарда да келген (Бұхари, № 6583).