Хадис

Кутуб ситтә, № 733

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
80. «Анкәбут» сүресі
Нөмірі
№ 733 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
733
Кутуб ситтә, № 733 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: «وَلَذِكْرُ اللَّهِ أَكْبَرُ. قَالَ: ذِكْرُ الْعَبْدِ اللَّهَ تَعَالَى بِلِسَانِهِ كَبِيرٌ. وَذِكْرُهُ لَهُ وَخَوْفُهُ مِنْهُ إِذَا أَشْفى عَلَى ذَنْبٍ فَتَرَكَهُ مِنْ خَوْفِهِ أَكْبَرُ مِنْ ذِكْرِهِ بِلِسَانِهِ مِنْ غَيْرِ نَزْعٍ عَنِ الذَّنْبِ». أَخْرَجَهُ رَزِينُ

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.): «Алланы үнемі (жүрекпен, тілмен һәм іс жүзінде) еске алу болса, құлшылықтың ең үлкені, ең зоры»1 деген аятты былай түсіндірген: «Пенденің Алла тағаланы тілімен зікір етуі – ұлы ғибадат. Ал күнә жасауға шақ қалғанда Алланы еске алып, Одан қорқып, күнәдан бас тартуы күнәдан тыйылмай, тілімен ғана зікір еткеннен де абзал».2

  1. 1«Анкәбут» сүресі, 45-аят.
  2. 2Риуаятты Рәзин келтірген. Ибраһим Жанан, «Кутуб-и ситте», 4-т., 162–163-б. (бастапқы дереккөзі көрсетілмеген).