عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «إِنَّمَا مَثَلِي وَمَثَلُكُمْ كَمَثَلِ رَجُلٍ اسْتَوْقَدَ نَارًا، فَلَمَّا أَضَاءَتْ مَا حَوْلَهُ جَعَلَ الْفَرَاشُ وَهَذِهِ الدَّوَابُّ الَّتِي تَقَعُ فِي النَّارِ يَقَعْنَ فِيهَا، فَجَعَلَ يَنْزِعُهُنَّ وَيَغْلِبْنَهُ فَيَقْتَحِمْنَ فِيهَا، فَأَنَا آخِذُ بِحُجَزِكُمْ عَنِ النَّارِ، وَأَنْتُمْ تَقْتَحِمُونَ فِيهَا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ، وَاللَّفْظُ قَرِيبٌ مِنْ لَفْظِ الْبُخَارِيِّ.
Әбу Һурайра (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Менің сендермен арамдағы жағдай от жаққан кісінің жайына ұқсайды. От маңайын жарық қылғанда, көбелектер мен отқа ұшып кіретін жәндіктер жалынға түсе бастайды. Әлгі кісі оларды оттан қақпайлайды. Олар бой бермей, жалынға ұмтыла береді. Мен де сендерді оттан арашалау үшін киімдеріңнің бел тұсынан ұстап тұрмын. Сендер болсаңдар, отқа қарай ұмтыласыңдар»1.
- 1Бұхари, «Риқақ», 26 (№6483), «Әнбиә», 40 (№3426). Мүслим, «Фадаил», 17 (№2284). Тирмизи, «Әмсал», 7 (№2874). Бұхаридегі нұсқада «сендердің мысалдарың» орнына «адамдардың мысалы» делінген.