Хадис

Кутуб ситтә, № 5003

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
793. Әртүрлі хадистер
Нөмірі
№ 5003 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
5003
Кутуб ситтә, № 5003 · тараудағы реті: 4Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَوْلَا بَنُو إِسْرَائِيلَ لَمْ يَخْنَزِ اللَّحْمُ، وَلَوْلَا حَوَّاءُ لَمْ تَخُنْ أُنْثَى زَوْجَهَا الدَّهْرَ. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Исрайыл ұрпақтары болмағанда, ет сасып бұзылмас еді. Хауа болмағанда, әйел күйеуіне ешқашан опасыздық жасамас еді”, – деді»1.

Түсіндірме

1. Құранда Исрайыл ұрпақтарына мәнна тәттісі мен бөдене түсірілгені айтылады («Бақара» сүресі, 57-аят). Олар Алланың әмірімен әр күнге қажет мөлшерін ғана алатын, жұма мен сенбінің азығын ғана алдын ала жинайтын. Артық жинап алса, азығы бұзылып, саситын. Қатададан жеткен риуаят бойынша, тағамның бұзылуы содан қалған. Тағы бір риуаятта тағамның бұзылу сыры былай түсіндіріледі: «Алла тағала: “Өлген адамның денесінің шіріп, ыдырауын белгілемегенімде, бала-шағасы оны үйінде ұстап отырар еді. Азық-түліктің бұзылуын белгілемегенімде, байлар оны кедейлерден жасырып қояр еді”, – деген».

2. Хауа ана туралы мынадай пікір айтылған: «Адамды жәннаттағы тыйым салынған ағаштан жеуге Хауа үндеген. Сөйтіп, Адамның қателесуіне себеп болған. Кейін әйелдің күйеуіне опасыздық жасауы содан қалған».

Жәннаттағы тыйым салынған ағаш бидай, інжір, жүзім немесе камфора ағашы болған деген пікірлер бар.

  1. 1Бұхари, Әнбия 1 (3330), 25 (3399). Мүслим, Радағ 63 (1470).