Хадис

Шапалақпен ұру

Кутуб ситтә, 11-том, 780-тарау · 1 хадис · № 4978

ХАЙУАН, ҚҰДЫҚ НЕМЕСЕ КЕН ОПЫРЫҒЫ СЕБЕБІНЕН ҚАЗА ТАБУ

Хадистер

4978
Кутуб ситтә, № 4978 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّ رَجُلًا وَقَعَ فِي أَبٍ كَانَ لَهُ فِي الْجَاهِلِيَّةِ، فَلَطَمَهُ الْعَبَّاسُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، فَجَاءَ قَوْمُهُ، فَقَالُوا: لَنَلْطَمَنَّهُ كَمَا لَطَمَهُ، فَلَبَسُوا السِّلَاحَ. فَبَلَغَ ذَلِكَ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَصَعِدَ الْمِنْبَرَ. وَقَالَ: أَيُّهَا النَّاسُ! أَيُّ أَهْلِ الْأَرْضِ تَعْلَمُونَ أَكْرَمَ عَلَى اللَّهِ؟ فَقَالُوا: أَنْتَ. فَقَالَ: إِنَّ الْعَبَّاسَ مِنِّي وَأَنَا مَنْهُ، لَا تَسُبُّوا أَمْوَاتَنَا فَتُؤْذُوا أَحْيَاءَنَا. فَجَاءَ الْقَوْمُ، فَقَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ، نَعُوذُ بِاللَّهِ مِنْ غَضَبِكَ، فَاسْتَغْفِرْ لَنَا. أَخْرَجَهُ النَّسَائِي.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Бір кісі жаһилият дәуірінде өмір сүрген атамызды балағаттады. Әкем Аббас (р.а.) оны шапалақпен ұрды. Әлгі кісінің туыстары келіп: “Ол біздің туысымызды қалай ұрса, біз де оны солай ұрамыз”, – деп, қаруларын тақты. Хабар Алла елшісіне (с.а.с.) жетті. Ол дереу келіп, мінберге шықты да: “Уа, адамдар! Жер бетіндегі жұрттың ішінде Алланың алдында кімнің ең құрметті екенін білесіңдер ме?” – деп сұрады. Жұрт бірауыздан: “Сіз, уа, Алла елшісі!” – деп жауап берді. Пайғамбарымыз: “Біліп қойыңдар! Аббас менен, мен оданмын. Қайтыс болғандарымызды балағаттамаңдар, тірілеріміздің көңіліне тиесіңдер”, – деді. Сонда жұрт: “Уа, Алла елшісі! Сіздің ашуыңыздан Аллаға сыйынамыз. Біз үшін кешірім тілеңіз”, – деді»1.

Түсіндірме

Синди былай дейді: «Балағат адамның жанына батады. Кім біреуді балағаттап, жанжалды өзі бастап, соның салдарынан жәбір көрсе, қысас талап етпеуі керек. Өйткені ол өз ісінің салдарына тап болды». Синди бұл хадисте имам істің пайдасын ескеріп, қысастан бас тартуды сұрай алатынына да дәлел барын айтады.

Үшінші тарау. Қысастың орындалуы

  1. 1Нәсәи, «Қасама», 21 (8-том, 33-б., № 4775).