Хадис

Ант ету тәртібі

Кутуб ситтә, 11-том, 757-тарау · 1 хадис · № 4907

ҚАНАҒАТ БӨЛІМІ

Хадистер

4907
Кутуб ситтә, № 4907 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Ибн Аббас

عَنْ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ لِرَجُلٍ حَلَّفَهُ: احْلِفْ بِاللَّهِ الَّذِي لَا إِلَهَ إِلَّا هُوَ مَا لَهُ عِنْدَكَ شَيْءٌ، يَعْنِي لِلْمُدَّعِي. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай жеткізеді: «Расулалла (с.а.с.) ант еткізген кісіге: “Өзінен басқа құдай жоқ Алланың атымен ант ет: талапкердің сенен алатын ештеңесі жоқ”, – деді»1.

Түсіндірме

Қазы кісіге антты қалай ету керегін үйретеді. Исламда Алланың атымен ант етіледі. Ар-намысқа ант етілмейді.

  1. 1Әбу Дәуіт, Ақдия 24 (3620).