Хадис

Кутуб ситтә, № 4901

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
756. Дау және айғақ
Нөмірі
№ 4901 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4901
Кутуб ситтә, № 4901 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنْ اِبْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: أَنَّ امْرَأَتَيْنِ كَانَتَا تَخْرُزَانِ فِي بَيْتٍ فَخَرَجَتْ إِحْدَاهُمَا وَقَدْ أُنْفِذَ بِإِشْفًى فِي كَفِّهَا، فَادَّعَتْ عَلَى الْأُخْرَى، فَرُفِعَ ذَلِكَ إِلَى ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فَقَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَوْ يُعْطَى النَّاسُ بِدَعْوَاهُمْ لَادَّعَى رِجَالٌ دِمَاءَ قَوْمٍ وَأَمْوَالَهُمْ، وَلَكِنَّ الْبَيِّنَةُ عَلَى الْمُدَّعِي، وَالْيَمِينُ عَلَى مَنْ أَنْكَرَ. ذَكِّرُوهَا بِاللَّهِ، وَاقْرَءُوا عَلَيْهَا: إِنَّ الَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَأَيْمَانِهِمْ ثَمَنًا قَلِيلًا الْآيَةَ فَذَكَّرُوهَا فَاعْتَرَفَتْ. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ، وَفِي لَفْظِ الْبُخَارِيِّ اخْتِلَافٌ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай жеткізеді: «Екі әйел бір бөлмеде тері тігіп отыр еді. Бірі алақанына біз қадалған күйі сыртқа шығып, мұны екінші әйелдің жасағанын айтты. Дау Ибн Аббасқа (р.а.) жеткізілді. Сонда ол: “Расулалла (с.а.с.): ‘Жұртқа талап еткенін айғақсыз бере берсе, біреулер өзгенің қаны мен мал-мүлкіне таласар еді. Талапкер айғақ келтіруге, ал талапты теріске шығарған адам ант етуге тиіс’, – деген. Бұл әйелге Алланы еске салыңдар және мына аятты оқып беріңдер: ﴿إِنَّ الَّذِينَ يَشْتَرُونَ بِعَهْدِ اللَّهِ وَأَيْمَانِهِمْ ثَمَنًا قَلِيلًا أُولَٰئِكَ لَا خَلَاقَ لَهُمْ فِي الْآخِرَةِ وَلَا يُكَلِّمُهُمُ اللَّهُ وَلَا يَنْظُرُ إِلَيْهِمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ وَلَا يُزَكِّيهِمْ وَلَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ﴾ ‘Аллаға берген уәделерін және ішкен ант-суларын арзан бағаға сатып, болмашы пайда үшін бұзғандардың ақыретте алар ешбір нәсібі жоқ. Қиямет күні Алла олармен мүлдем сөйлеспейді, оларға қарамайды және тазартпайды. Олар үшін жан төзгісіз азап бар.’1”, – деді.

Әлгі әйелге Алланы еске салғанда, ол өз кінәсін мойындады»2.

  1. 1«Әли Имран» сүресі, 77-аят.
  2. 2Бұхари, Тәпсір, Әли Имран 3, Рукуғ 6 (4552); Мүслим, Ақдия 2 (1711); Әбу Дәуіт, Ақдия 23 (3619); Тирмизи, Ахкам 12 (1342); Нәсәи, Қудат 35 (8/248). Бұхари нұсқасында талапкердің айғақ келтіруі туралы сөз жоқ, ал жауапкердің ант етуі жөніндегі сөз риуаяттың соңында берілген.