Хадис

Кутуб ситтә, № 4816

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
735. Харижилер
Нөмірі
№ 4816 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 4
4816
Кутуб ситтә, № 4816 · тараудағы реті: 4

وَعَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ وَأَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَا: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ سَيَكُونُ فِي أُمَّتِي اخْتِلَافٌ وَفُرْقَةٌ: قَوْمٌ يُحْسِنُونَ الْقِيلَ وَيُسِيئُونَ الْفِعْلَ، يَقْرَأُونَ الْقُرآنَ لَا يُجَاوِزُ تَرَاقِيَهُمْ، يَمْرُقُونَ مِنَ الدِّينِ كَمَا يَمْرُقُ السَّهْمُ مِنَ الرَّمِيَّةِ. ثُمَّ لَا يَرْجِعُونَ حَتَّى يَرْتَدَّ عَلَى فُوقِهِ. هُمْ شَرُّ الْخَلْقِ وَالْخَلِيقَةِ، طُوبَى لِمَنْ قَتَلَهُمْ وَقَتَلُوهُ، يَدْعُونَ إِلَى كِتَابِ اللَّهِ وَلَيْسُوا مِنْهُ فِي شَيْءٍ. مِنْ قَاتَلَهُمْ كَانَ أَوْلَى بِاللَّهِ مِنْهُمْ. قَالُوا: يَا رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَا سِيمَاهُمْ؟ قَالَ: التَّحْلِيقُ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ، وَلِلْشَّيْخَيْنِ عَنْ أَبِي سَعِيدٍ نَحْوَهُ.

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри мен Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай жеткізген: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Үмбетімнің арасында талас туып, жік шығады. Бір топтың сөзі жақсы, ісі жаман болады. Құран оқиды, бірақ оқығаны бұғаналарынан әрі өтпейді. Жебе аңды тесіп өткендей, олар діннен шығады. Жебе садақтың адырнасына қайтып оралмайынша, олар да дінге қайтып оралмайды. Олар – жаратылғандардың ең жаманы. Оларды өлтіргендерге және олардың қолынан қаза тапқандарға сүйінші! Олар жұртты Алланың кітабына шақырады, бірақ одан алар үлестері жоқ. Оларға қарсы шайқасқан кісі Аллаға олардан жақынырақ”. Қасындағылар: “Уа, Алла елшісі, олардың белгісі қандай?” – деп сұрады. Ол: “Шаштарын тақырлап алады”, – деді».1,2

Осыған ұқсас риуаятты Бұхари мен Мүслим Әбу Сағид әл-Худриден жеткізген.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Сүннет», 31 (4765).
  2. 2Бұхари, «Фазаил әл-Құран», 36, «Манақиб», 25, «Әдеп», 95, «Иститаба», 6–7. Мүслим, «Зекет», 143–148 (1064). Мәлик, «Муатта», «Құран», 10 (1-том, 204–205-бет). Нәсәи, «Зекет», 79 (5-том, 87-бет), «Тахрим», 26 (7-том, 119-бет).