عَنْ ابْنِ أَخِي عَبْدِ اللَّهِ بْنِ سَلَامٍ عَنْ عَمِّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: أَنَّهُ جَاءَ إِلَى عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ لَمَّا أُرِيدَ قَتْلُهُ. فَقَالَ لَهُ عُثْمَانُ: مَا جَاءَ بِكَ؟ قَالَ: جِئْتُ فِي نُصْرَتِكَ. قَالَ: اُخْرُجْ إِلَى النَّاسِ فَاطْرُدُهُمْ عَنِّي فَإِنَّكَ خَارِجٌ خَيْرٌ لِي مِنْكَ دَاخِلٌ. فَخَرَجَ عَبْدُ اللَّهِ بْنُ سَلَامٍ فَقَالَ: أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّهُ كَانَ اسْمِي فِي الْجَاهِلِيَّةِ فُلَانٌ فَسَمَّانِي رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَبْدَ اللَّهِ، وَنَزَلَ فِيَّ آيَاتٌ مِنْ كِتَابِ اللَّهِ تَعَالَى. نَزَلَ فِيَّ: وَشَهِدَ شَاهِدٌ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ عَلَى مِثْلِهِ فَآمَنَ وَاسْتَكْبَرْتُمْ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ؛ وَنَزَلَ فِيَّ: قُلْ كَفَى بِاللَّهِ شَهِيدًا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ وَمَنْ عِنْدَهُ عِلْمُ الْكِتَابِ؛ إِنَّ لِلَّهِ سَيْفًا مَغْمُودًا عَنْكُمْ، وَإِنَّ الْمَلَائِكَةَ قَدْ جَاوَرَتْكُمْ فِي بَلَدِكُمْ هَذَا الَّذِي نَزَلَ فِيهِ نَبِيُّكُمْ، فَاللَّهَ اللَّهَ فِي هَذَا الرَّجُلِ أَنْ تَقْتُلُوهُ، فَوَاللَّهِ إِنْ قَتَلْتُمُوهُ لَتَطْرُدَنَّ جِيرَانَكُمُ الْمَلَائِكَةَ، وَلَتَسُلُّنَّ سَيْفَ اللَّهِ الْمَغْمُودَ عَنْكُمْ، فَلَا يُغْمَدُ إِلَى يَوْمِ الْقِيَامَةِ. فَقَالُوا: اقْتُلُوا الْيَهُودِيَّ وَاقْتُلُوا عُثْمَانَ. أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.
Абдулла ибн Сәламның бауырының баласы көкесінің (р.а.) мына сөзін жеткізген: «Жұрт әзірет Османды (р.а.) өлтірмек болғанда, қасына бардым. Ол: “Не үшін келдің?” – деп сұрады. “Саған көмектескелі келдім”, – дедім. Ол: “Онда сыртқа, жұрт алдына шық та, оларды менен аулақтат. Қасымда қалғаныңнан сыртта жүргенің пайдалырақ”, – деді. Сыртқа шықтым». Содан кейін Абдулла жұртқа былай деді: «Уа, жұрт! Өздерің білесіңдер, жаһилият дәуірінде атым пәленше еді. Алла елшісі (с.а.с.) маған Абдулла деген есім берді. Алланың кітабында мен жайлы бірнеше аят түсті. Соның бірі мынау: ﴿قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِنْ كَانَ مِنْ عِنْدِ اللَّهِ وَكَفَرْتُمْ بِهِ وَشَهِدَ شَاهِدٌ مِنْ بَنِي إِسْرَائِيلَ عَلَىٰ مِثْلِهِ فَآمَنَ وَاسْتَكْبَرْتُمْ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ﴾ “Һәм оларға: ‘Егер бұл шынымен, Алладан келіп, сендер оған сенбей, күпірлік қылған болсаңдар, әрі Исрайыл ұрпақтарынан бір куәгер дәл сол сияқты ақиқатқа куә болып, иман келтіріп жатқанда, мына сендер тәкаппарланып, оны мойындамасаңдар, онда шүбәсіз, Алла ондай залым қауымды тура жолға салмайды!’ – деп айт.”1 Мына аят та мен жайлы түскен: ﴿وَيَقُولُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَسْتَ مُرْسَلًا ۚ قُلْ كَفَىٰ بِاللَّهِ شَهِيدًا بَيْنِي وَبَيْنَكُمْ وَمَنْ عِنْدَهُ عِلْمُ الْكِتَابِ﴾ “Күпірлік қылғандар саған: ‘Сен арнайы жіберілген пайғамбар емессің’, – дейді. Оларға: ‘Мені мен сендердің араларыңда бір Алланың куә болғаны жеткілікті. Әрі иләһи Кітаптан сусындаған ілім иелерінің де куәлігі жетіп артылады’, – деп айт.”2 Алланың сендерге қарсы әлі қынынан суырылмаған қылышы бар. Алла елшісі (с.а.с.) қоныстанған осы мекенде періштелер сендерге көрші болды. Бұл кісіні өлтіруден сақтанып, Алладан қорқыңдар! Алладан қорқыңдар! Аллаға ант етемін, бұл кісіні өлтірсеңдер, көршілерің болған періштелерді осы жерден қуасыңдар. Алланың сендерге қарсы қынында тұрған қылышын суырасыңдар. Содан соң ол қияметке дейін қынына қайта салынбайды!»
Осы сөздерден кейін жұрт «Мына яһудиді өлтіріңдер! Османды өлтіріңдер!» деп айғай салды3.
Түсіндірме
Абдулла ибн Сәлам – Исламды қабылдаған әйгілі яһуди ғалымдарының бірі. Мұсылман болғанға дейінгі аты Хусайн еді. Құранда айтылған куәгерді Абдулла ибн Сәламға жатқызбайтын ғалымдар да бар. Олар «Ахқаф» сүресі Меккеде түскенін, ал Абдулла һижреттен кейін мұсылман болғанын айтады. Бұл пікір бойынша, аяттағы куәгер – Меккеде, һижреттен бұрын, Исламды қабылдап, Құранның Алла сөзі екеніне куәлік еткен кітап иелерінің бірі. Ибн Жәрир әт-Табари осы пікірді ұстанған. Ал Хасан әл-Басри, Мужаһид, Қатада секілді ғалымдардың көпшілігі аятта Абдулла ибн Сәлам меңзелген деген. Олардың айтуынша, сүре Меккеде түскенімен, осы аят Мәдинада түскен. Бұл пікірді қуаттайтын риуаяттарды Ибн Хиббан Ауф ибн Мәликтен, Ибн Мардауайһ Ибн Аббастан жеткізген.