Хадис

Кутуб ситтә, № 4741

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
724. Асабаның мирас алуы
Нөмірі
№ 4741 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4741
Кутуб ситтә, № 4741 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әбу Һурайра

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: أَنَا أَوْلَى بِالْمُؤْمِنِينَ مِنْ أَنْفُسِهِمْ. فَمَنْ مَاتَ وَعَلَيْهِ دَيْنٌ وَلَمْ يَتْرُكْ وَفَاءً فَعَلَيْنَا قَضَاؤُهُ، وَمَنْ تَرَكَ مَالًا فَلِوَرَثَتِهِ. وَفِي رِوَايَةٍ: وَمَنْ تَرَكَ مَالًا فَلْيَرِثْهُ عَصَبَتُهُ مَنْ كَانُوا. أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) айтады: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Мен мүміндерге өздерінен де жақынмын. Кім қарызын өтейтін мал-мүлік қалдырмай дүние салса, қарызын өтеу – біздің міндетіміз. Кім мал-мүлік қалдырса, ол мұрагерлеріне тиесілі”». Бір риуаятта: «Кім мал-мүлік қалдырса, асабасы кім болса да, сол мұрагер болады»1, – делінген.

  1. 1Бұхари, Фараиз 4, 15, 25, Кәфәләт 5, Истикра 11, Тәпсір, Ахзаб 1, Нафақат 15; Мүслим, Фараиз 16 (1619); Тирмизи, Фараиз 1 (2091); Жанаиз 69 (1070); Әбу Дәуіт, Хараж 15 (2955).