وَعَنْ رَبِيعَةِ بْنِ أَبِي عَبْدِ الرَّحْمَنِ قَالَ: سَأَلْتِ امْرَأَةُ عَبْدِ الرَّحْمَنِ بْنِ عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ الطَّلَاقَ مِنْهُ. فَقَالَ: إِذَا طَهُرْتِ فَآذِنِينِي. فَآذَنَتْهُ فَطَلَّقَهَا الْبَتَّةَ، أَوْ تَطْلِقَةً كَانَتْ بَقِيَتْ لَهَا وَهُوَ مَرِيضٌ يَوْمَئِذٍ، فَوَرَّثَهَا عُثْمَانُ مِنْ زَوْجِهَا مِيرَاثَهَا بَعْدَ انْقِضَاءِ عِدَّتِهَا. أَخْرَجَهُ مَالِكُ.
Рабиға ибн Әбу Абдуррахман былай деген: «Абдуррахман ибн Ауфтың әйелі өзін талақ етуін сұрады. Ол: “Етеккіріңнен тазарған соң маған хабар бер”, – деді. Әйелі хабар берді. Ол әйелін қайтарымсыз талақпен немесе қалған бір талақпен талақ етті. Ол кезде Абдуррахман науқас еді. Әйелдің ғиддаты біткеннен кейін де Осман оның күйеуінен қалған мирасқа үлесі бар деп үкім етті».1
Түсіндірме
Хадистегі әйелдің аты – Тумадир бинт әл-Асбағ әл-Кәлбия. Алла елшісі (с.а.с.) Абдуррахман ибн Ауфты Кәлб тайпасына жіберіп: «Егер үндеуіңді қабыл алса, олардың басшысының қызына үйлен», – деген. Кәлб тайпасы оның үндеуін қабыл алды. Абдуррахман сол өңірде біраз уақыт болып, Тумадирге үйленіп, оны Мәдинаға алып келген. Сөйтіп, Кәлб тайпасының қызына үйленген алғашқы құрайыштық атанған.
Абдуррахман әйелін науқас кезінде талақ етіп, сол дертінен айықпай дүние салған. Осман әйелді осы себепті мұрагер деп таныған.
- 1Муатта, Талақ 40, (2, 571, 572).