Хадис

Кутуб ситтә, № 4723

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
716. Мулағәнәға себеп болған баланың мирасы
Нөмірі
№ 4723 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 2
4723
Кутуб ситтә, № 4723 · тараудағы реті: 2

وَعَنْ وَاثِلَةَ بْنِ الْأَسْقَعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: تَحُوزُ الْمَرْأَةُ ثَلَاثَةَ مَوَارِيثَ: عَتِيقَهَا، وَلَقِيطَهَا، وَوَلَدَهَا الَّذِي لَاعَنَتْ عَلَيْهِ. أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Уәсилә ибн әл-Асқағ (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) мына сөзін жеткізген: «Әйел үш адамның мирасына ие болады: өзі азат еткен адамның, тауып алған баласының және мулағәнәда әкесі мойындамаған өз баласының».1

Түсіндірме

Хадисте әйелге тиетін мирастың үш түрі аталған.

• Өзі азат еткен адамның мирасы. Әйел өзі азат еткен құл дүние салып, жақын мұрагері табылмаса, оның мүлкі өзін азат еткен әйелге өтеді.

• Тауып алған баласының мирасы. «Лақит» – мешіт, саябақ не басқа жерде қараусыз қалған күйінде табылып, біреу қамқорлығына алып өсірген бала. Хадисте оны тауып, өсірген әйелдің оған мұрагер болатыны айтылған.

• Мулағәнәға себеп болған баланың мирасы. Бұл – әкесі баланы өзінікі деп мойындамағандықтан, ерлі-зайыптының мулағәнә жолымен ажырасуына себеп болған бала. Түсіндірмешілер әкелік тек бекітілмегендіктен, әке мен бала бір-біріне мұрагер болмайтынын айтқан. Анасы анық болғандықтан, ол баласына, баласы оған мұрагер бола алады.

  1. 1Әбу Дәуіт, Фараиз 9 (2906); Тирмизи, Фараиз 23 (2116).