Хадис

Кутуб ситтә, № 4653

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
705. Әртүрлі амалдардың артықшылығы. Кейбір намаздардың артықшылығы
Нөмірі
№ 4653 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 17
4653
Кутуб ситтә, № 4653 · тараудағы реті: 17Риуаят етуші: Әбу Һурайра

وَعَنْهُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: صَلَاةُ الرَّجُلِ فِي جَمَاعَةٍ تُضَعَّفُ عَلَى صَلَاتِهِ فِي بَيْتِهِ وَفِي سُوقِهِ خَمْسًا وَعِشْرِينَ ضِعْفًا. وَذَلِكَ أَنَّهُ إِذَا تَوَضَّأَ فَأَحْسَنَ الْوُضُوءَ ثُمَّ خَرَجَ إِلَى الْمَسْجِدِ، لَا يُخْرِجُهُ إِلَّا الصَّلَاةُ، لَمْ يَخْطُ خَطْوَةً إِلَّا رُفِعَتْ لَهُ بِهَا دَرَجَةٌ وَحُطَّ عَنْهُ بِهَا خَطِيئَةٌ. فَإِذَا صَلَّى لَمْ تَزَلِ الْمَلَائِكَةُ تُصَلِّي عَلَيْهِ مَا دَامَ فِي مُصَلَّاهُ: اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَيْهِ، اللَّهُمَّ ارْحَمْهُ، اللَّهُمَّ تُبْ عَلَيْهِ. مَا لَمْ يُؤْذِ فِيهِ، مَا لَمْ يُحْدِثْ. قِيلَ: مَا يُحْدِثُ؟ قَالَ أَبُو هُرَيْرَةَ: مَا لَمْ يَفْسُ أَوْ يَضْرُطْ. وَلَا يَزَالُ أَحَدُكُمْ فِي صَلَاةٍ مَا انْتَظَرَ الصَّلَاةَ». أَخْرَجَهُ السِّتَةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ.

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) былай деді: “Адамның жамағатпен оқыған намазы үйінде не базарда оқыған намазынан жиырма бес есе артық. Өйткені ол дәретін жақсылап алып, мешітке тек намаз оқу үшін шықса, әрбір қадамында бір дәрежесі көтеріліп, бір күнәсі өшіріледі. Намазын оқып болған соң, намаз оқыған орнында отырған кезінде періштелер: ‘Уа, Алла, оған игілік нәсіп ет! Уа, Алла, оны рақымыңа бөлей гөр! Уа, Алла, тәубесін қабыл ет!’ – деп дұға етеді. Ол сол жерде ешкімге зиян тигізбесе және дәреті бұзылмаса, осылай жалғасады”». Әбу Һурайрадан: «Дәреттің бұзылуы деген не?» – деп сұрағанда, ол: «Дыбыссыз не дыбыспен жел шығару», – деп жауап берді.

«Қайсыбірің намазды күтіп отырғанша намазда саналады».1

  1. 1Бұхари, Азан 30, Салат 87, Бұюғ 49; Мүслим, Масажид 246 (649); Муатта, Таһарат 33, (1, 33); Әбу Дәуіт, Салат 49 (559); Тирмизи, Салат 423 (603).