Хадис

Кутуб ситтә, № 4650

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
705. Әртүрлі амалдардың артықшылығы. Кейбір намаздардың артықшылығы
Нөмірі
№ 4650 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 14
4650
Кутуб ситтә, № 4650 · тараудағы реті: 14Риуаят етуші: Осман

وَعَنْ عُثْمَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ صَلَّى صَلَاةَ الْعَشَاءِ فِي جَمَاعَةٍ فَكَأَنَّمَا قَامَ نِصْفَ اللَّيْلِ، وَمَنْ صَلَّى الصُّبْحَ فِي جَمَاعَةٍ فَكَأَنَّمَا قَامَ اللَّيْلَ كُلَّهُ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَمَالِكٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Османның (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Кім құптан намазын жамағатпен оқыса, түннің жартысын намазбен өткізгендей болады. Ал кім таң намазын жамағатпен оқыса, түні бойы намаз оқығандай болады», – деді.1

Түсіндірме

1. Түнді жандандыру (ихия) дегеніміз – оны намазбен, зікірмен, ғибадатпен өткізу. Түнде іліммен айналысу да ихияға жатады. Тіпті мұның түнді ғибадатпен өткізуден де абзал екені айтылған.

2. Таң мен құптанды жамағатпен оқудың түнді жандандыру саналуы – бұл екі намаздың сауабы түні бойы намаз оқыған адамның сауабына тең деген сөз. Жамағатқа қатысып, түнін де құлшылықпен өткізген адам, әлбетте, екі амалдың сауабына да кенеледі. Сондықтан құптан мен таң намаздарын жамағатпен оқу түнді жандандырудың бір түрі саналады.

  1. 1Мүслим, Масажид 260 (656); Муатта, Жамағат 7, (1, 132); Әбу Дәуіт, Салат 18 (555); Тирмизи, Салат 165 (221).