Хадис

Кутуб ситтә, № 4645

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
705. Әртүрлі амалдардың артықшылығы. Кейбір намаздардың артықшылығы
Нөмірі
№ 4645 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 9
4645
Кутуб ситтә, № 4645 · тараудағы реті: 9Риуаят етуші: Зәйд ибн Сәбит

وَعَنْ زَيْدِ بْنِ ثَابِتٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: صَلَاةُ الْمَرْءِ فِي بَيْتِهِ أَفْضَلُ مِنْ صَلَاتِهِ فِي مَسْجِدِي هَذَا إِلَّا الْمَكْتُوبَةَ». أَخْرَجَهُ الْأَرْبَعَةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ.

Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбиттің (р.а.) жеткізуінше, Алла елшісі (с.а.с.): «Кісінің парыздан өзге намазды үйінде оқуы оны осы мешітімде оқуынан абзал», – деді.1

Түсіндірме

1. Үйде оқылған нәпіл намаздың басқа жерде, тіпті Харам мешітінде, Пайғамбар мешітінде немесе Ақса мешітінде оқылған нәпілден де абзал болуының мынадай себептері бар.

Үйде оқыған адамның жұртқа көріну үшін намаз оқу қаупі азаяды. Отбасы мүшелері оны көріп, намазға ынталанады. Үй берекеге кенеліп, оған рақым түседі. Періштелер келіп, шайтан қашады.

2. Шафиғилер хадистің жалпы үкімінен кейбір нәпіл намаздарды шығарып, оларды үйден тыс жерде оқуды абзал санаған. Бұлар – жамағатпен оқылатын айт намаздары, күн мен ай тұтылғанда оқылатын намаздар, жаңбыр тілейтін истисқа намазы, мешітке сәлем намазы, тауаптан кейінгі екі рәкат және ихрамға кіргенде оқылатын екі рәкат.

3. Ғалымдар бұл үкім ер адамдарға қатысты екенін айтқан. Әйелдерге кейбір жамағат намаздарына қатысуға рұқсат берілгенімен, парыз намазын да үйде оқығаны абзал саналған. Алла елшісі (с.а.с.): «Әйелдерің түнде болса да мешітке баруға рұқсат сұраса, оларға кедергі жасамаңдар. Үйлерінде оқығандары өздері үшін қайырлы», – деді.

  1. 1Әбу Дәуіт, Салат 205 (1044), 340 (1447); Тирмизи, Салат 331 (450); Муатта, Салатул-Жамаға 4, (1, 130).