Хадис

Араб түбегі

Кутуб ситтә, 10-том, 698-тарау · 3 хадис · № 4624–4626

Хадистер

4624
Кутуб ситтә, № 4624 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Жәбир

عَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: إِنَّ الشَّيْطَانَ قَدْ يَئِسَ أَنْ يَعْبِدَهُ الْمُصَلُّونَ فِي جَزِيرَةِ الْعَرَبِ وَلَكِنْ فِي التَّحْرِيشِ بَيْنَهُمْ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Жәбир (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.): “Шайтан Араб түбегіндегі намаз оқитындардың өзіне құлшылық етуінен үмітін үзді, бірақ олардың арасына іріткі салудан үмітін үзген жоқ”, – дегенін естідім».1

Түсіндірме

التَّحْرِيشُ» إِغْرَاءٌ وَ إِيقَاعُ الْفِتَنِ بَيْنَ النَّاسِ وَنَحْوَ ذَلِكَ.

Хадис Исламның Араб түбегіне толық тарайтынын хабарлайды. Нәуәуидің пікірінше, бұл хабар – Алла елшісінің (с.а.с.) мұғжизаларының бірі. Расында, автордың айтуынша, Араб түбегінің тұрғындары мұсылман болған. Алайда шайтан араларына ұдайы іріткі салуға тырысқан және одан танбайды.

  1. 1Мүслим, Мунафиқун 65 (2812).
4625
Кутуб ситтә, № 4625 · тараудағы реті: 2

وَعَنِ ابْنِ شِهَابٍ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: لَا يَجْتَمِعُ دِينَانِ فِي جَزِيرَةِ الْعَرَبِ. قَالَ ابْنُ شِهَابٍ: فَفَحَصَ عَنْ ذَلِكَ عُمَرُ بْنُ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ حَتَّى أَتَاهُ الثَّلَجُ وَالْيَقِينُ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ ذَلِكَ فَأَجْلَى يَهُودَ خَيْبَرَ». أَخْرَجَهُ مَالِكٌ. وَقَالَ: وَقَدْ أَجْلَى عُمَرُ يَهُودَ نَجْرَانَ وَفَدَكَ. وَأَمَّا يَهُودُ خَيْبَرَ فَخَرَجُوا مِنْهَا لَيْسَ لَهُمْ مِنَ الثَّمَرِ وَلَا مِنَ الْأَرَاضِي شَيْءٌ، وَأَمَّا يَهُودُ فَدَكَ فَكَانَ لَهُمْ نِصْفُ الثَّمَرِ وَنِصْفُ الْأَرْضِ، قِيمَةً مِنْ ذَهَبٍ وَوَرِقٍ وَإِبِلٍ وَحِبَالٍ وَأَقْتَابٍ، ثُمَّ أَعْطَاهُمُ الْقِيمَةَ وَأَجْلَاهُمْ مِنْهَا.

Қазақша аудармасы

Ибн Шиһаб жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Араб түбегінде екі дін қатар тұрмайды”, – деді». Ибн Шиһаб: «Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) мұны анықтап, Алла елшісінің (с.а.с.) шынында осылай дегеніне көзі жеткен соң, Хайбар яһудилерін көшірді», – дейді.1

Мәлик былай дейді: «Омар (р.а.) Нәжран мен Фәдәк яһудилерін көшірді. Хайбар яһудилері жеміс пен жерден үлес алмай кетті. Фәдәк яһудилеріне жеміс пен жердің жартысы тиесілі еді. [Алла елшісі (с.а.с.) олармен жеміс пен жерді тең бөлуге келіскен болатын.] Омар (р.а.) олардың үлесін алтынмен, күміспен, түйемен, арқанмен және ер-тоқыммен бағалап, құнын өтеген соң, оларды көшірді».

Түсіндірме

الفَحْصُ» الْبَحْثُ عَنْ حَقِيقَةِ الْأَمْرِ وَكَشْفِهِ. وَ« الثَّلَجُ» الْيَقِينُ.

Алла елшісінің (с.а.с.) дүние салар алдындағы өсиеттерінің бірі Араб түбегінде Исламнан өзге дінге құлшылық орны салынбауына қатысты еді. Омар (р.а.) халифа болғанда, бұл өсиеттің расында айтылғанын анықтап, оны орындады. Осы ретте ол Алла елшісінің (с.а.с.) христиандармен және яһудилермен жасаған келісімдерін де сақтады. Фәдәк яһудилерімен жер мен жемісті тең бөлуге келісілгендіктен, олардың үлесі бағаланып, құны өтелді. Сөйтіп, олар үлесін сатуға мәжбүр болды, ал тиісті ақысын алған соң көшірілді.

  1. 1Муатта, Жами 18, (2, 892, 893).
4626
Кутуб ситтә, № 4626 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Омар

وَعَنْ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: لَأُخْرِجَنَّ الْيَهُودَ وَالنَّصَارَى مِنْ جَزِيرَةِ الْعَرَبِ وَلَا أَتْرُكُ فِيهَا إِلَّا مُسْلِمًا». قَالَ سَعِيدُ بْنُ عَبْدِ الْعَزِيزِ: «جَزِيرَةُ الْعَرَبِ مَا بَيْنَ الْوَادِي إِلَى أَقْصَى الْيَمَنِ إِلَى تُخُومِ الْعِرَاقِ إِلَى الْبَحْرِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Омар (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісінің (с.а.с.): “Араб түбегінен яһудилер мен христиандарды міндетті түрде шығарып, онда мұсылмандарды ғана қалдырамын”, – дегенін естідім».

Сағид ибн Абдулазиз: «Араб түбегі әл-Уәди әл-Қурадан Йеменнің қиырына, Ирактың шекарасы мен теңізге дейін созылады», – деген.1

Түсіндірме

1. Яһудилер мен христиандардың Араб түбегінен көшірілуі бірнеше риуаятта айтылады. Бұл – солардың бірі, Омардан (р.а.) жеткен риуаят.

2. Көне дереккөздерде Араб түбегі солтүстігінде Сирия мен Ирактың шекарасына дейін созылып, Жидда, Қызыл теңіз және Йемендегі Аден жағалауларының аралығын қамтитын түбек ретінде сипатталады. Ол «Араб жазирасы» деп те аталған. Әл-Азхари бұл атауды оның шығысын, батысы мен оңтүстігін теңіздер, ал өзге жағынан Тигр мен Евфрат өзендері қоршағанымен түсіндіреді.

«Қамус» еңбегінде Араб жазирасы «Үнді теңізі, Шам теңізі, Тигр және Евфрат өзендері қоршап жатқан жер» деп сипатталады.

  1. 1Мүслим, Жиһад 63, Әбу Дәуіт, Хараж 28 (3030); Тирмизи, Сияр 43 (1606).