Хадис

Жер бетіндегі қасиетті жерлер. Хижаз

Кутуб ситтә, 10-том, 697-тарау · 2 хадис · № 4622–4623

Хадистер

4622
Кутуб ситтә, № 4622 · тараудағы реті: 1

عَنْ عَمْرِو بْنِ عَوْفٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: إِنَّ الدِّينَ لَيَأْرِزُ إِلَى الْحِجَازِ كَمَا تَأْرِزُ الْحَيَّةُ إِلَى جُحْرِهَا وَلَيَعْقِلَنَّ الدِّينُ مِنَ الْحِجَازِ مَعْقَلَ الْأُرْوِيَّةِ مِنْ رَأْسِ الْجَبَلِ. إِنَّ الدِّينَ بَدَأَ غَرِيبًا وَسَيَعُودُ غَرِيبًا كَمَا بَدَأَ فَطُوبَى لِلْغُرَبَاءِ وَهُمُ الَّذِينَ يُصْلِحُونَ مَا أَفْسَدَ النَّاسُ مِنْ سُنَنِي». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Амр ибн Ауф (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Жылан ініне оралғандай, бұл дін де Хижазға оралады. Таутеке тау басын паналағандай, дін де Хижазды сөзсіз паналайды. Бұл дін ғаріп болып басталды, әуелгісіндей ғаріп күйіне қайта оралады. Ғаріптерге сүйінші! Олар – менен кейін жұрттың сүннетімнен бұзғанын түзететіндер”, – деді».1

Түсіндірме

لَيَعْقِلَنَّ الدِّينَ» أَيْ لَيَعْتَصِمَنَّ وَيَلْتَجِئَنَّ وَيَحْتَمِي. وَ« الْأُرْوِيَّةُ» اَلْوَاحِدَةُ مِنْ شِيَاهِ الْجَبَلِ.

Әли әл-Қари хадисті былай түсіндірген: «Мұсылмандар иманын сақтап қалу үшін Мәдинаны паналайды. Өйткені Хижаз – иманның төл мекені. Иман сонда пайда болып, сонда күшейді. Хадис ақырзаманда Исламның әлсірейтінін білдіреді». Бұл түсіндірме ХХ ғасырдағы оқиғаларға сай келеді. Батыс елдері мен батысшылдардың қысымына ұшыраған мұсылман елдеріндегі саналы, дініне берік адамдар Исламға сай өмір салты мен құндылықтарынан бас тартқысы келмей, Сауд Арабиясына қоныс аударып, сол жерді паналауға мәжбүр болды. Осы мақсатпен барған Орталық Азия мұсылмандарының арасында Мекке мен Мәдинада сауда мен кәсіпкерлікте елеулі табысқа жеткендер бар. Мысырдан, Солтүстік Африкадан, Сириядан, Ирактан және Түркиядан барғандар да сол жерді паналады. Алла Тағала елшісінің осы хабарына сай келетін саяси мекен әзірлеп, дүниенің әр қиырында діні үшін қысым көрген мұсылмандарға жұбаныш пен үміт берді.

Хадистің мағынасын қазіргі кездегі кейбір ғалымдар Қияметке жақын Ислам діні тура бастапқыдағыдай ғаріп, ақылға қонбайтын, таңқаларлық табыс пен жетістікке жетеді деп түсінген. Расында, Исламның бастапқы кездегі дамуы – ақылға қонбайтын, түсіндіруге келмейтін таңқаларлық оқиға, тура мағынасындағы бір мұғжиза болды. Қияметке жақын осылай (әрекет) жасау да Алланың мейірімі мен әдетіне жат емес.

  1. 1Тирмизи, Иман 13 (2632).
4623
Кутуб ситтә, № 4623 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Жәбир

وَعَنْ جَابِرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: غِلَظُ الْقُلُوبِ وَالْجَفَاءُ فِي الْمَشْرِقِ، وَالْإِيمَانُ فِي أَهْلِ الْحِجَازِ». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Жәбир (р.а.) жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Қатігездік пен дөрекілік – шығыста, ал иман Хижаз халқында”, – деді».1

Түсіндірме

Хадистің иманды Хижазбен байланыстыруы тарихи жағдайға сай. Ислам Мекке мен Мәдинада пайда болып, өркендеді. Хижаз дегенде, алдымен осы екі қала ойға оралады. Алла елшісінің (с.а.с.) кей хадистерінде иман Йеменге телінеді, өйткені Йемен де Хижаздың жалғасы. Мұның түсіндірмесі №4627 хадисте беріледі. Ал дөрекілік пен жүрек қаттылығы Шығыста күпірлік пен ширк әлі сақталған руларға қатысты айтылған.

  1. 1Мүслим, Иман 92, (53).