Хадис

Кутуб ситтә, № 4557

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
683. Әбу Талиб
Нөмірі
№ 4557 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4557
Кутуб ситтә, № 4557 · тараудағы реті: 1

عَنِ الْمُسَيِّبِ بْنِ حَزِنٍ قَالَ: «لَمَّا حَضَرَتْ أَبَا طَالِبٍ الْوَفَاةُ جَاءَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَوَجَدَ عِنْدَهُ أَبَا جَهْلٍ وَعَبْدَ اللَّهِ بْنَ أَبِي أُمَيَّةَ بْنِ الْمُغِيرَةِ. فَقَالَ: أَيْ عَمِّي، قُلْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ كَلِمَةَ أُحَاجُّ لَكَ بِهَا عِنْدَ اللَّهِ. فَقَالَ أَبُو جَهْلٍ وَعَبْدُ اللَّهِ: أَتَرْغَبُ عَنْ مِلَّةِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ؟ فَلَمْ يَزَلْ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَعْرِضُهَا عَلَيْهِ، وَيَعُودَانِ لِتِلْكَ الْمَقَالَةِ، حَتَّى قَالَ أَبُو طَالِبٍ آخِرَ مَا كَلَّمَهُمْ: أَنَا عَلَى مِلَّةِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ، وَأَبَى أَنْ يَقُولَ: لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ. فَقَالَ ﷺ: وَاللَّهُ أَسْتَغْفِرَنَّ لَكَ مَا لَمْ أُنْهَ عَنْكَ؛ فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: مَا كَانَ لِلنَّبِيِّ وَالَّذِينَ آمَنُوا أَنْ يَسْتَغْفِرُوا لِلْمُشْرِكِينَ وَلَوْ كَانُوا أُولِي قُرْبَى. الْآيَةُ؛ وَأَنْزَلَ فِي أَبِي طَالِبٍ: إِنَّكَ لَا تَهْدِي مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَنْ يَشَاءُ الْآيَةُ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Мусайяб ибн Хазн жеткізеді: «Әбу Талибтің ажалы таянғанда, Расулалла (с.а.с.) оның жанына келді. Қасында Әбу Жәһил мен Абдулла ибн Әби Умәйя ибн әл-Муғира отыр екен. Расулалла:

– Уа, көкешім, “Лә иләһә иллаллаһ” деп айт. Осы сөз арқылы Алланың алдында сені жақтайын, – деді. Әбу Жәһил мен Абдулла:

– Уа, Әбу Талиб, Абдулмутталибтің дінінен бас тартасың ба? – деді. Расулалла (с.а.с.) оған кәлиманы қайта-қайта ұсынып, екеуі де сөзін қайталай берді. Әбу Талибтің оларға айтқан соңғы сөзі: “Мен Абдулмутталибтің дініндемін”, – деген сөз болды. Ол “Лә иләһә иллаллаһ” деуден бас тартты. Сонда Расулалла (с.а.с.):

– Аллаға ант етемін, маған тыйым салынбайынша, сен үшін Алладан кешірім тілей беремін, – деді. Сонда Алла мына аятты түсірді: ﴿مَا كَانَ لِلنَّبِىِّ وَٱلَّذِينَ ءَامَنُوٓا۟ أَن يَسْتَغْفِرُوا۟ لِلْمُشْرِكِينَ وَلَوْ كَانُوٓا۟ أُو۟لِى قُرْبَىٰ مِنۢ بَعْدِ مَا تَبَيَّنَ لَهُمْ أَنَّهُمْ أَصْحَٰبُ ٱلْجَحِيمِ﴾ “Кәпір күйінде өліп, тозақтық екендігі анық белгілі болғаннан кейін, пайғамбар мен мүміндердің, тіпті жақын туысы болса да, өлген мүшріктер үшін Алладан кешірім тілеуі орынсыз” (“Тәубе”, 113). Әбу Талиб жайында мына аят та түсті: ﴿إِنَّكَ لَا تَهْدِى مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَٰكِنَّ ٱللَّهَ يَهْدِى مَن يَشَآءُ وَهُوَ أَعْلَمُ بِٱلْمُهْتَدِينَ﴾ “Сен жақсы көрген әр адамыңды тура жолға сала алмайсың, алайда Алла қалағанын тура жолға салады әрі тура жолға кім бейім екенін жақсы біледі” (“Қасас”, 56)».1

  1. 1Бұхари, Манақибул-Ансар 40, Жанаиз 81, Тәпсір, Бәрағат 16, Қасас 1, Айман 19; Мүслим, Иман 39, (34); Нәсәи, Жанаиз 102, (4, 90, 91).