Хадис

Арабтардың артықшылығы

Кутуб ситтә, 10-том, 678-тарау · 2 хадис · № 4547–4548

Хадистер

4547
Кутуб ситтә, № 4547 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Салман әл-Фариси

عَنْ سَلْمَانَ الْفَارِسِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ لِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: تُبْغِضُنِي فَتُفَارِقَ دِينَكَ. قُلْتُ: وَكَيْفَ أُبْغِضُكَ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟ وَبِكَ هَدَانِي اللَّهُ؟ قَالَ: تُبْغِضُ الْعَرَبَ فَتُبْغِضُنِي». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Салман әл-Фариси (р.а.) жеткізеді: «Расулалла (с.а.с.) маған: “Мені жек көрсең, дініңнен айырыласың”, – деді. Мен: “Уа, Расулалла, Алла сіз арқылы мені тура жолға салды. Сізді қалай жек көрейін?” – дедім. Сонда ол: “Арабтарды жек көрсең, мені де жек көргенің”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, Манақиб (3927).
4548
Кутуб ситтә, № 4548 · тараудағы реті: 2Риуаят етуші: Осман

وَعَنْ عُثْمَانَ بْنِ عَفَّانِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: مَنْ غَشَّ الْعَرَبَ لَمْ يَدْخُلْ فِي شَفَاعَتِي وَلَمْ تَنَلْهُ مُوَدَّتِي». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Осман ибн Аффан (р.а.) жеткізеді: «Расулалла (с.а.с.): “Кім арабтарға қиянат жасаса, шапағатыма бөленбейді, сүйіспеншілігіме де ие болмайды”, – деді».1

Түсіндірме

Бұл екі хадис арабтарға өшпенділік танытудың қатеріне назар аударады. Мұсылман мұсылманға бауыр. Олар бір-бірін жақсы көреді, өшікпейді, алдамайды. Мұндай істер мұсылмандар арасында харам, ал арабтарға қарсы жасалса, ауыр күнә саналады. Өйткені Расулалла да араб еді. Сондықтан шариғатқа сай себепсіз арабтарға өшпенділік таныту исламға қарсы қатынас ретінде қаралады. Екінші хадис мұндай адамның жүрегінде Пайғамбарға сүйіспеншілік орнықпайтынын, Расулалланың да оны сүймейтінін білдіреді. Бұл – мүмін үшін орны толмас қасірет. Алла сақтасын!

  1. 1Тирмизи, Манақиб (3928).