Хадис

Кутуб ситтә, № 4491

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
671. Үммі Айман (р.а.)
Нөмірі
№ 4491 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4491
Кутуб ситтә, № 4491 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Әнәс

عَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ أَبُو بَكْرٍ لِعُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، بَعْدَ وَفَاةِ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: انْطَلِقْ بِنَا إِلَى أُمِّ أَيْمَنَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا نَزُورُهَا كَمَا كَانَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَزُورُهَا. فَلَمَّا أَتَيَا إِلَيْهَا بَكَتْ. فَقَالَا لَهَا: مَا يُبْكِيكِ؟ أَمَا تَعْلَمِينَ أَنَّ مَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ لِرَسُولِ اللَّهِ؟ قَالَتْ: بَلَى إِنِّي أَعْلَمُ أَنَّ مَا عِنْدَ اللَّهِ خَيْرٌ لِرَسُولِ اللَّهِ، وَلَكِنْ أَبْكِي أَنَّ الْوَحْيَ قَدِ انْقَطَعَ مِنَ السَّمَاءِ، فَهَيَّجَتْهُمَا عَلَى الْبُكَاءِ، فَجَعَلَا يَبْكِيَانِ مَعَهَا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) дүние салғаннан кейін Әбу Бәкір Омарға: “Жүр, Алла Елшісі барып жүргендей, Үммі Айманға барып қайтайық”, – деді. Екеуі келгенде, Үммі Айман жылады. Олар: “Неге жылайсың? Алланың қасындағысы Алла Елшісі үшін қайырлы екенін білмейсің бе?” – деді. Ол: “Алланың қасындағысы Алла Елшісі үшін қайырлы екенін білемін. Көктен уахи келуі тоқтағанына жылаймын”, – деді. Бұл сөзді естігенде, екеуі де онымен бірге жылады»1.

Түсіндірме

Үммі Айман (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) бала кезіндегі күтушісі болған. Пайғамбарымыз оны азат етіп, кейін де қалын сұрап, үйіне барып тұрған. Оны «анамнан кейінгі анам» деп атағаны айтылады. Үммі Айман Исламды алғаш қабылдағандардың қатарында еді. Ол Хабашстанға, кейін Мәдинаға һижра еткен.

Үммі Айманның Пайғамбарымыздың шаңырағына қалай келгені жөнінде әртүрлі дерек бар. Бірінде оның Хадишаның әпкесіне, екіншісінде Алла Елшісінің анасы Әминаға тиесілі болғаны айтылады. Алла Елшісі (с.а.с.) оны азат етіп, Зәйд ибн Харисаға некелестірген. Осы некеден Усама ибн Зәйд дүниеге келді. Усама Алла Елшісіне сүйікті болған және қолбасшылыққа тағайындалған.

Бір деректе Үммі Айманның (р.а.) Алла Елшісі (с.а.с.) дүние салғаннан бес айдан кейін өмірден өткені айтылады.

  1. 1Мүслим, «Фазаил әс-сахаба», №2454.