وَعَنْ أَبِي وَائِلٍ قَالَ: «لَمَّا بَعَثَ عَلِيٌّ عَمَّارَ بْنِ يَاسِرٍ وَالْحَسَنَ بْنَ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا إِلَى الْكُوفَةِ لِيَسْتَنْفِرَهُمْ، خَطَبَ عَمَّارٌ فَقَالَ: إِنِّي أَعْلَمُ أَنَّهَا زَوْجَةُ نَبِيِّكُمْ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ، وَلَكِنَّ اللَّهَ ابْتَلَاكُمْ لَتَتَّبِعُوهُ أَوْ إِيَّاهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.
Әбу Уаил былай деген: «Әли (р.а.) Аммар ибн Ясир мен Хасан ибн Әлиді (р.а.) Куфаға жұртты жұмылдыру үшін жібергенде, Аммар сөз сөйлеп: “Айшаның дүниеде де, ақыретте де Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жұбайы екенін білемін. Алла сендерді Өзіне ересіңдер ме, әлде Айшаға ересіңдер ме деп сынап отыр”, – деді»1.
Түсіндірме
1. Бұл оқиға Жәмәл оқиғасының алдында болған. Куфаға Әлиге қолдау жинау үшін келген Аммар Айшаның Алла Елшісінің (с.а.с.) дүниедегі және ақыреттегі жұбайы екенін айта отырып, оның халифа Әлиге қарсы ұстанымын құптамаған. Түсіндірушілер Аммардың сөзін билікке бағыну жөніндегі діни міндетпен байланыстырған. Кейбірі Аммар Пайғамбар жұбайларына арналған «Ахзаб» сүресінің 33-аятына ишара жасаған болуы мүмкін деген.
2. Аммардың Айша туралы «Алла Елшісінің дүниедегі және ақыреттегі жұбайы» деген сөзін түсіндірушілер Ибн Хиббан келтірген мына риуаятпен байланыстырған.
عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ ذَكَرَ فَاطِمَةَ، قَالَتْ: فَتَكَلَّمْتُ أَنَا، فَقَالَ: «أَمَا تَرْضَيْنَ أَنْ تَكُونِي زَوْجَتِي فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ؟» قُلْتُ: بَلَى وَاللَّهِ. قَالَ: «فَأَنْتِ زَوْجَتِي فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ».
Айша (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Фатима жайында сөз қозғады. Сол кезде мен сөзге араластым. Ол: “Дүниеде де, ақыретте де жұбайым болуға разы емессің бе?” – деді. Мен: “Иә, Алланың атымен ант етемін!” – дедім. Ол: “Ендеше, дүниеде де, ақыретте де менің жұбайымсың”, – деді».2
Аммар бұл сөзді Алла Елшісінің (с.а.с.) өзінен естіген болуы мүмкін.