عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قُلْتُ يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَسْمَعُ مِنْكَ أَشْيَاءَ فَلَا أَحْفَظُهَا. فَقَالَ: ابْسُطْ رِدَاءَكَ. فَبَسَطْتُهُ. فَحَدَّثَنِي حَدِيثًا كَثِيرًا فَمَا نَسِيتُ شَيْئًا حَدَّثَنِي بِهِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ، وَهَذَا لَفْظُهُ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «“Уа, Алланың Елшісі, сізден көп нәрсе естимін, бірақ есімде сақтай алмаймын”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Шапаныңды жай”, – деді. Мен шапанымды жайдым. Содан соң маған көп хадис айтты. Сол айтқандарының ешқайсын ұмытқан емеспін»1.
Түсіндірме
Риуаят Әбу Һурайраның Алла Елшісінен (с.а.с.) естігенін ұмытпай сақтағанын көрсетеді. Бұхаридегі бір нұсқада Пайғамбардың қолымен шапанға бір нәрсе салғандай ишара жасап, оны жинап алуды айтқаны да баяндалады.
- 1Бұхари, «Ілім», 42-тарау. Мүслим, «Сахабалардың артықшылықтары», №2492. Тирмизи, «Манақиб», №3834 және №3835.