عَنِ الْبَرَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «أُهْدِيَ لِرَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ جُبَّةٌ مِنْ سُنْدُسٍ، وَكَانَ يَنْهَى عَنِ الْحَرِيرِ، فَعَجِبَ النَّاسُ مِنْهَا. وَفِي رِوَايَةٍ: ثَوْبُ حَرِيرٍ فَجَعَلْنَا نَلْمُسُهُ وَنَتَعَجَّبُ مِنْهُ. فَقَالَ: وَالَّذِي نَفْسِي بِيَدِهِ لَمَنَادِيلُ سَعْدِ بْنِ مُعَاذٍ فِي الْجَنَّةِ خَيْرٌ مِنْ هَذَا». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Бәра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісіне (с.а.с.) биязы жібектен тігілген шапан сыйланды. Ол жібек киюге тыйым салатын еді. Жұрт шапанға таңғалды. Басқа нұсқада оны қолмен сипап көріп, жұмсақтығына таңғалғанымыз айтылады. Сонда Алла Елшісі: “Жаным қолында болған Алламен ант етейін, Сағд ибн Муаздың жәннаттағы орамалдары бұдан да жақсы”, – деді»1.
«السُّنْدُسُ» مَا رَقَّ مِنَ الْإِبْرِيسَمِ. وَ«الْإِسْتَبْرَقُ» مَا غَلُظَ مِنْهُ.
- 1Бұхари, «Либас», 26-тарау, «Бәд әл-халқ», 8-тарау, «Мәнәқиб әл-ансар», 12-тарау (№3802), «Әйман», 3-тарау. Мүслим, «Фазаил әс-сахаба», №2468. Тирмизи, «Мәнәқиб», №3847.