Хадис

Кутуб ситтә, № 4447

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
642. Хузайфа ибн әл-Йәман (р.а.)
Нөмірі
№ 4447 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 1
4447
Кутуб ситтә, № 4447 · тараудағы реті: 1Риуаят етуші: Хузайфа

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «سَأَلَتْنِي أُمِّي مَتَى عَهْدُكَ بِرَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ؟ فَقُلْتُ: مَا لِي بِهِ عَهْدٌ مُنْذُ كَذَا وَكَذَا، فَنَالَتْ مِنِّي. فَقُلْتُ لَهَا: دَعِينِي آتِي رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ فَأُصَلِّي مَعَهُ الْمَغْرِبَ وَأَسْأَلُهُ أَنْ يَسْتَغْفِرَ لِي وَلَكِ. فَأَتَيْتُهُ فَصَلَّيْتُ مَعَهُ الْمَغْرِبَ فَصَلَّى حَتَّى صَلَّى الْعِشَاءَ ثُمَّ انْفَتَلَ فَتَبِعْتُهُ فَسَمِعَ صَوْتِي فَقَالَ: مَنْ هَذَا؟ حُذَيْفَةُ؟ قُلْتُ: نَعَمْ. قَالَ: مَا حَاجَتُكَ؟ غَفَرَ اللَّهُ تَعَالَى لَكَ وَلِأُمِّكَ. إِنَّ هَذَا مَلَكٌ لَمْ يَنْزِلِ الْأَرْضَ قَطُّ قَبْلَ هَذِهِ اللَّيْلَةِ، اسْتَأْذَنَ رَبَّهُ أَنْ يُسَلِّمَ عَلَيَّ وَيُبَشِّرَنِي أَنَّ فَاطِمَةَ سَيِّدَةُ نِسَاءِ أَهْلِ الْجَنَّةِ، وَالْحَسَنَ وَالْحُسَيْنَ سَيِّدَا شَبَابِ أَهْلِ الْجَنَّةِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Хузайфа (р.а.) былай деген: «Анам: “Алла Елшісін (с.а.с.) қашан көрдің?” – деп сұрады. “Біраздан бері көрген жоқпын”, – дегенімде, маған ренжіді. “Барып, Алла Елшісімен ақшам намазын оқиын. Екеуміз үшін Алладан кешірім тілеуін сұрайын”, – дедім. Алла Елшісіне барып, ақшамды бірге оқыдым. Ол құптанға дейін намаз оқып, құптаннан соң орнынан тұрды. Соңынан ергенде, дауысымды естіп, тіл қатты.

– Бұл кім, Хузайфа ма?

– Иә, – дедім.

– Не шаруаң бар? Алла сені де, анаңды да кешірсін. Бұл – осы түнге дейін жерге бірде-бір рет түспеген періште. Ол маған сәлем беріп, Фатиманың жәннат әйелдерінің, ал Хасан мен Хусейіннің жәннат жастарының қос мырзасы екенін сүйіншілеуге Раббынан рұқсат алды», – деді1.

  1. 1Тирмизи, «Мәнәқиб», №3781.