عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ بَعْثًا وَأَمَّرَ عَلَيْهِمْ أُسَامَةَ بْنَ زَيْدٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، فَطَعَنَ بَعْضُ النَّاسِ فِي إِمَارَتِهِ. فَقَالَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنْ تَطْعُنُوا فِي إِمَارَتِهِ، فَقَدْ كُنْتُمْ تَطْعُنُونَ فِي إِمَارَةِ أَبِيهِ مِنْ قَبْلُ، وَأَيْمُ اللَّهِ إِنْ كَانَ لَخَلِيقًا لِلْإِمَارَةِ، وَإِنْ كَانَ لَمِنْ أَحَبِّ النَّاسِ إِلَيَّ. وَإِنَّ هَذَا لَمِنْ أَحَبِّ النَّاسِ إِلَيَّ بَعْدَهُ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Ибн Омар (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) жорыққа жасақ жіберіп, Усама ибн Зәйдті қолбасшы етіп тағайындады. Кейбір адамдар оның қолбасшылығына мін тақты. Сонда Пайғамбарымыз: “Мұның қолбасшылығына мін тақсаңдар, бұған дейін әкесінің қолбасшылығына да мін таққансыңдар. Алламен ант етейін, ол қолбасшылыққа лайық еді әрі менің ең жақсы көрген адамдарымның бірі болатын. Мынау да әкесінен кейін менің ең жақсы көретін адамдарымның бірі”, – деді»1.
يُقَالُ فُلَانٌ «خَلِيقٌ بِهَذَا الْأَمْرِ» إِذَا كَانَ أَهْلًا لَهُ وَهُوَ لَهُ حَقِيقٌ.
- 1Бұхари, «Фазаил әл-асхаб», 17-тарау (№3730), «Мағази», 42, 87-тараулар, «Әйман», 2-тарау, «Ахкам», 33-тарау. Мүслим, «Фазаил әс-сахаба», №2426. Тирмизи, «Мәнәқиб», №3816.