Хадис

Кутуб ситтә, № 4427

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
637. Әзірет Хасан мен Хусейін (р.а.)
Нөмірі
№ 4427 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
4427
Кутуб ситтә, № 4427 · тараудағы реті: 3Риуаят етуші: Уқба ибн әл-Харис

وَعَنْ عُقْبَةَ بْنِ الْحَارِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «صَلَّى أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ صَلَاةَ الْعَصْرِ ثُمَّ خَرَجَ يَمْشِي وَمَعَهُ عَلِيٌّ، فَرَأَى الْحَسَنَ يَلْعَبُ مَعَ الصِّبْيَانِ، فَحَمَلَهُ عَلَى عَاتِقِهِ، وَقَالَ: بِأَبِي شَبِيهٌ بِالنَّبِيِّ لَيْسَ شَبِيهًا بِعَلِيٍّ، وَعَلِيٌّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَضْحَكُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Уқба ибн әл-Харис (р.а.) былай деген: «Әбу Бәкір (р.а.) екінті намазын оқып, Әлимен бірге сыртқа шықты. Жолда Хасанның балалармен ойнап жүргенін көріп, иығына мінгізіп алды.

“Әкем пида болсын! Әлиге емес, Алла Елшісіне (с.а.с.) ұқсайды”, – деді. Әли мұны естіп күлді»1.

  1. 1Бұхари, «Сахабалардың артықшылықтары», №3750.