وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ لِلْعَبَّاسِ: يَا عَمِّ إِذَا كَانَ غَدَاةُ الِاثْنَيْنِ فَأْتِنِي أَنْتَ وَوَلَدُكَ حَتَّى أَدْعُوَ لَكُمْ بِدَعْوَةٍ يَنْفَعُكَ اللَّهُ بِهَا وَوَلَدَكَ. قَالَ: فَغَدَا وَغَدَوْنَا مَعَهُ فَأَلْبَسَنَا كِسَاءً. ثُمَّ قَالَ: اللَّهُمَّ اغْفِرْ لِلْعَبَّاسِ وَوَلَدِهِ مَغْفِرَةً ظَاهِرَةً وَبَاطِنَةً لَا تُغَادِرُ ذَنْبًا. اللَّهُمَّ احْفَظْهُ فِي وَلَدِهِ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ. وَزَادَ رَزِينٌ فِي رِوَايَةٍ: «وَاجْعَلْ الْخِلَافَةَ بَاقِيَةً فِي عَقِبِهِ».
Ибн Аббас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Аббасқа (р.а.): “Көке, дүйсенбі күні таңертең ұлыңызбен бірге келіңіз. Сіздерге дұға етейін. Алла дұғамды өзіңізге де, ұлыңызға да пайдалы етсін”, – деді.
Аббас таңертең шықты, біз де онымен бірге бардық. Алла Елшісі бәрімізді жамылғымен бүркеп: “Уа, Алла! Аббас пен ұлын бір де бір күнәсін қалдырмай, жария да, жасырын да кешір. Уа, Алла! Ұлына қамқор болу арқылы Аббасты да сақтай гөр!” – деп дұға етті» (Тирмизи, «Манақиб», №3762).
Разин келтірген бір нұсқада: «Халифалықты оның ұрпағында баянды ет», – деген сөз қосылған.