وَعَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَلَّفَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ عَلِيًّا رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ فِي غَزْوَةِ تَبُوكَ. فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، تُخَلِّفُنِي فِي النِّسَاءِ وَالصِّبْيَانِ؟ فَقَالَ: أَمَا تَرْضَى أَنْ تَكُونَ مِنِّي بِمَنْزِلَةِ هَارُونَ مِنْ مُوسَى، إِلَّا أَنَّهُ لَا نَبِيَّ بَعْدِي». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) Тәбук жорығына аттанғанда, Әлиді Мәдинада қалдырды. Әли бұған көңілі толмай сұрады.
– Уа, Алланың Елшісі! Мені әйелдер мен балалардың арасында қалдырасыз ба?
– Харун Мұсаға қандай дәрежеде болса, сенің де менің қасымда сондай дәрежеде болуыңа разы емессің бе? Тек менен кейін пайғамбар болмайды, – деді Алла Елшісі»1.
- 1Бұхари, «Мағази», №4416. Мүслим, «Сахабалардың артықшылықтары», №2404. Тирмизи, «Манақиб», №3731.