وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كَانَ أَبُو بَكْرٍ يُصَلِّي لَهُمْ فِي وَجَعِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ الَّذِي مَاتَ فِيهِ. فَلَمَّا كَانَ يَوْمُ الِاثْنَيْنِ وَهُمْ صُفُوفٌ فِي الصَّلَاةِ فَكَشَفَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ سِتْرَ الْحُجْرَةِ، يَنْظُرُ إِلَيْنَا وَهُوَ قَائِمٌ كَأَنَّ وَجْهَهُ وَرَقَةُ مُصْحَفٍ ثُمَّ تَبَسَّمَ يَضْحَكُ فَهَمَمْنَا أَنْ نَفْتَتَنَ مِنَ الْفَرَحِ بِرُؤْيَةِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ. فَنَكَصَ أَبُو بَكْرٍ عَلَى عَقِبَيْهِ لِيَصِلَ الصَّفَّ، وَظَنَّ أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: خَارِجٌ إِلَى الصَّلَاةِ فَأَشَارَ إِلَيْنَا النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَنْ أَتِمُّوا صَلَاتَكُمْ، وَأَرْخَى السِّتْرَ، فَتُوُفِّيَ مِنْ يَوْمِهِ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَالنَّسَائِيُّ.
Әнәс (р.а.) былай деген: «Алла Елшісінің (с.а.с.) ақтық науқасында жұртқа намазды Әбу Бәкір (р.а.) оқытты. Дүйсенбіде сап түзеп, намаз оқып тұрғанда, Алла Елшісі бөлмесінің пердесін ашып, түрегеп тұрған күйі бізге қарады. Жүзі Құранның парағындай еді. Ол жымиып күлді. Оны көргенімізге қуанғанымыз сонша, намазымызды бұза жаздадық. Әбу Бәкір Алла Елшісі намазға шығатын болды деп ойлап, сапқа қосылу үшін кейін шегінді. Алла Елшісі намазымызды аяқтауды ишара етіп, пердені түсірді. Сол күні дүние салды»1.
- 1Бұхари, «Азан», 46 және 94-тараулар (№680), «Амал фи-с-салат», 6-тарау, «Мағази», 83-тарау. Мүслим, «Салат», 98. Нәсәи, «Жанаиз», 7-тарау (4-том, 7-бет).