وَعَنْ مُحَمَّدِ بْنِ الْمُنْكَدِرِ قَالَ: «بَلَغَنِي أَنَّ اللَّهَ تَعَالَى يَقُولُ يَوْمَ الْقِيَامَةِ: أَيْنَ الَّذِينَ كَانُوا يُنَزِّهُونَ أَسْمَاعَهُمْ عَنِ اللَّهْوِ وَمَزَامِيرِ الشَّيْطَانِ؟ أَدْخِلُوهُمْ فِي رِيَاضِ الْمِسْكِ. ثُمَّ يَقُولُ لِلْمَلَائِكَةِ عَلَيْهِمُ السَّلَامُ: أَسْمِعُوهُمْ حَمْدِي، وَأَخْبِرُوهُمْ أَنْ لَا خَوْفَ عَلَيْهِمْ وَلَا هُمْ يَحْزَنُونَ». أَخْرَجَهُ رَزِينٌ.
Қазақша аудармасы
Мұхаммед ибн әл-Мункәдир былай деген: «Маған жеткен хабарда Алла Тағала Қиямет күні: “Құлағын бос ермек пен шайтанның сазынан сақтағандар қайда? Оларды жұпар иісті бақтарға кіргізіңдер”, – дейді. Содан соң періштелерге: “Менің мадағымды оларға естіртіңдер. Оларға қорқыныш жоқ екенін және қайғырмайтынын айтыңдар”, – дейді»1.
- 1Разин келтірген хабар. Мұхаммед ибн әл-Мункәдир оны өзіне жеткен хабар ретінде баяндаған.