Хадис

Кутуб ситтә, № 4315

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
607. Ашу
Нөмірі
№ 4315 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 5
4315
Кутуб ситтә, № 4315 · тараудағы реті: 5Риуаят етуші: Мұғаз

وَعَنْ مُعَاذِ بْنِ جَبَلٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «اسْتَبَّ رَجُلَانِ عِنْدَ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ حَتَّى عُرِفَ الْغَضَبُ فِي وَجْهِ أَحَدِهِمَا. فَقَالَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: إِنِّي أَعْرِفُ كَلِمَةً لَوْ قَالَهَا لَذَهَبَ عَنْهُ مَا يَجِدُ مِنَ الْغَضَبِ: أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدُ وَالتِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Әзірет Муаз ибн Жәбәл (р.а.) айтады: «Алла елшісінің (с.а.с.) алдында екі кісі бір-біріне тіл тигізді. Бірінің ашуы жүзінен білініп тұрды. Сонда Алла елшісі: “Мен бір сөз білемін. Оны айтса, бойындағы ашуы тарқайды. Ол – أَعُوذُ بِاللَّهِ مِنَ الشَّيْطَانِ الرَّجِيمِ, яғни ‘Қуылған шайтаннан Аллаға сыйынамын’”, – деді».1

  1. 1Тирмизи, «Дұғалар», № 3452. Әбу Дәуіт, «Әдеп», № 4780.