وَعَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «لَمَّا فَتَحَ اللَّهُ عَلَى رَسُولِهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَكَّةَ، قَامَ فِي النَّاسِ فَحَمِدَ اللَّهَ وَأَثْنَى عَلَيْهِ، وَقَالَ: إِنَّ اللَّهَ تَعَالَى حَبَسَ عَنْ مَكَّةَ الْفِيلَ، وَسَلَّطَ عَلَيْهَا رَسُولَهُ وَالْمُؤْمِنِينَ، وَإِنَّهَا لَمْ تَحِلَّ لِأَحَدٍ قَبْلِي، وَإِنَّهَا إِنَّمَا حَلَّتْ لِي سَاعَةً مِنْ نَهَارٍ، وَإِنَّهَا لَنْ تَحِلَّ لِأَحَدٍ بَعْدِي. فَلَا يُنَفَّرُ صَيْدُهَا، وَلَا يُخْتَلَى شَوْكُهَا، وَلَا يُقْطَعُ شَجَرُهَا، وَلَا تَحِلُّ لُقَطَتُهَا إِلَّا لِمُنْشِدٍ، وَمَنْ قُتِلَ لَهُ قَتِيلٌ فَهُوَ بِخَيْرِ النَّظَرَيْنِ إِمَّا أَنْ يُفْدَى، وَإِمَّا أَنْ يُقَادَ. فَقَالَ الْعَبَّاسُ: إِلَّا الْإِذْخِرَ يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَإِنَّا نَجْعَلُهُ فِي قُبُورِنَا وَبُيُوتِنَا. فَقَالَ: إِلَّا الْإِذْخِرَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ. «شَوْكُهَا» الْعُشْبُ. وَ«اخْتِلَاؤُهُ» قَطْعُهُ. وَقَوْلُهُ: «لَا تَحِلُّ لُقَطَتُهَا إِلَّا لِمُنْشِدٍ» أَيْ لِمُعَرِّفٍ لَهَا عَلَى الدَّوَامِ.
Әбу Һурайра (р.а.) былай дейді: «Алла Тағала елшісіне (с.а.с.) Меккені алуды нәсіп еткенде, ол халықтың алдына шығып, Аллаға мадақ айтып, былай деді: “Алла Меккеге пілді кіргізбей, оны қорғады. Кейін Өз елшісі мен мүміндеріне меккеліктерден үстемдік берді. Меккеде соғысу менен бұрын ешкімге рұқсат етілмеген. Маған да бір күннің бір мезгілінде ғана рұқсат етілді. Менен кейін ешкімге рұқсат етілмейді. Мұнда аң үркітілмесін, шөп жұлынбасын, ағаш кесілмесін. Табылған затты иесін іздеу үшін ғана алуға болады. Жақыны өлтірілген адам екі істің бірін таңдай алады: не құн алады, не қысас талап етеді”. Аббас (р.а.): “Уа, Алланың елшісі! Изхир шөбін бұл тыйымнан тыс қалдырыңыз. Оны қабірімізге де, үйімізге де пайдаланамыз”, – деді. Расулалла (с.а.с.): “Изхирге бұл тыйым жүрмейді”, – деді».1
- 1Бұхари, «Луқата», № 2434, сондай-ақ «Илім», 39, «Дият», 8. Мүслим, «Хаж», № 1355. Әбу Дәуіт, «Мәнәсик», № 2017.