وَعَنْ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «خَرَجَ عِبْدَانٌ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ يَوْمَ الْحُدَيْبِيَةِ قَبْلَ الصُّلْحِ فَكَتَبَ إِلَيْهِ مَوَالِيهِمْ يَقُولُونَ: يَا مُحَمَّدُ وَاللَّهُ مَا خَرَجُوا إِلَيْكَ رَغْبَةً فِي دِينِكَ، وَإِنَّمَا هَرَبُوا مِنَ الرِّقِّ. فَقَالَ نَاسٌ: رُدَّهُمْ إِلَيْهِمْ. فَغَضِبَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مِنْ ذَلِكَ وَقَالَ: مَا أُرَاكُمْ تَنْتَهُونَ يَا مَعْشَرَ قُرَيْشٍ حَتَّى يَبْعَثَ اللَّهُ عَلَيْكُمْ مَنْ يَضْرِبُ رِقَابَكُمْ، وَأَبَى أَنْ يَرُدَّهُمْ. وَقَالَ: هُمْ عُتَقَاءُ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Әли (р.а.) былай дейді: «Хұдайбия күні келісім жасалмай тұрып, бір топ құл Расулалланы (с.а.с.) паналап келді. Қожайындары оған: “Уа, Мұхаммед! Аллаға ант етеміз, олар саған дініңе қызығып барған жоқ, құлдықтан қашып барды”, – деп хат жазды. Кейбіреулер: “Оларды қожайындарына қайтарып беріңіз”, – деді. Расулалла (с.а.с.) бұл сөзге ашуланып: “Уа, Құрайыш жұрты! Бұлай істей берсеңдер, Алла мойындарыңды шабатын біреуді жібереді”, – деді. Оларды қайтармай: “Олар – ұлы әрі ұлық Алланың азат еткен пенделері”, – деді».1
- 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», № 2700. Тирмизи, «Мәнақиб», № 3715. Жананның арабша мәтініндегі مِنَ النَّارِ тіркесі Әбу Дәуіттің № 2700 нұсқасында кездеспейді.