Хадис

Кутуб ситтә, № 4236

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
579. Бәдір шайқасы
Нөмірі
№ 4236 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 8
4236
Кутуб ситтә, № 4236 · тараудағы реті: 8Риуаят етуші: Айша

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: «لَمَّا بَعَثَ أَهْلُ مَكَّةَ فِي فِدَاءِ أَسْرَاهُمْ بَعَثَتْ زَيْنَبُ فِي فِدَاءِ زَوْجِهَا أَبِي الْعَاصِ بْنِ الرَّبِيعِ بِمَالٍ. وَبَعَثَتْ فِيهِ بِقِلَادَةٍ لَهَا كَانَتْ عِنْدَ خَدِيجَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا أَدْخَلَتْهَا بِهَا عَلَى أَبِي الْعَاصِ. فَلَمَّا رَآهَا رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ رَقَّ لَهَا رِقَّةً شَدِيدَةً. ثُمَّ قَالَ: إِنْ رَأَيْتُمْ أَنْ تُطْلِقُوا لَهَا أَسِيرَهَا وَتَرُدُّوا عَلَيْهَا الَّذِي لَهَا؟ فَقَالُوا: نَعَمْ. وَكَانَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ أَخَذَ عَلَيْهِ أَوْ وَعَدَهُ أَنْ يُخَلِّيَ سَبِيلَ زَيْنَبَ إِلَيْهِ، وَبَعَثَ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ زَيْدَ بْنَ حَارِثَةَ وَرَجُلًا مِنَ الْأَنْصَارِ فَقَالَ لَهُمَا: كُونَا بِبَطْنِ يَأْجِجَ حَتَّى تَمُرَّ بِكُمَا زَيْنَبُ فَتَصْحَبَاهَا حَتَّى تَأْتِيَا بِهَا». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ.

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.) былай дейді: «Меккеліктер тұтқындарын босатып алуға төлем жібергенде, Алла елшісінің (с.а.с.) қызы Зейнеп те күйеуі Әбу әл-Ас ибн әр-Рабиғтың төлеміне дүние жіберді. Соның ішінде Әбу әл-Асқа тұрмысқа шығарда анасы Хадиша (р.а.) сыйлаған алқа да бар еді. Алла елшісі (с.а.с.) алқаны көріп, қатты толқыды. Сахабаларына: “Қаласаңдар, Зейнептің тұтқынын босатып, мүлкін өзіне қайтарып беріңдер”, – деді. Олар келісті. Алла елшісі (с.а.с.) Әбу әл-Астан Зейнепті Мәдинаға жіберуге уәде алды немесе Әбу әл-Ас өзі уәде берді. Алла елшісі (с.а.с.) Зейнепті алып келуге Зәйд ибн Хариса (р.а.) мен ансардан бір кісіні жіберіп: “Батн Яъжижде күтіңдер. Зейнеп сол жерден өткенде, қасына еріп, осында алып келіңдер”, – деп тапсырды».1

Түсіндірме

Бәдірде қолға түскен тұтқындардың бір бөлігі төлеммен, бір бөлігі тегін, енді бір бөлігі мұсылман балаларына оқу мен жазу үйрету шартымен босатылды. Алла елшісінің (с.а.с.) күйеу баласы Әбу әл-Ас тегін босатылғандардың қатарында болды. Өйткені төлемге жіберілген заттардың арасынан Пайғамбар (с.а.с.) қатты жақсы көрген марқұм жұбайы Хадишаның алқасын танып, толқып кетті. Ол алқаны иесіне қайтарып, Әбу әл-Асты тегін босатуды ұсынды. Сахабалар келісті. Алла елшісі (с.а.с.) Әбу әл-Астан жұбайы Зейнептің Мәдинаға һижрет етуіне рұқсат беруге уәде алды.

Әбу әл-Ас сөзінде тұрып, Зейнептің (р.а.) Мәдинаға баруына рұқсат берді. Алайда меккелік мүшріктердің кейбірі жолын бөгеді. Сол аласапыранда жүкті Зейнеп түйесінен құлап, түсік тастады.

  1. 1Әбу Дәуіт, «Жиһад», 131 (№ 2692).