عَنْ بُرَيْدَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ أَنَّهُ غَزَا مَعَ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ سِتَّ عَشْرَةَ غَزْوَةً. أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.
Қазақша аудармасы
Бурайда (р.а.) Алла елшісімен (с.а.с.) бірге он алты жорыққа қатысқанын айтады.1
- 1Бұхари, «Мағази» (№ 4473). Мүслим, «Жиһад», 147 (№ 1814, екінші нұсқа). Ибраһим Жананның № 4225 мәтінінде он алты жорық Алла елшісіне (с.а.с.) телінген. Бұхари мен Мүслимнің арабша мәтінінде бұл сан Бурайданың өзі қатысқан жорықтарды білдіреді. Зәйд ибн Арқамның риуаятында Пайғамбардың (с.а.с.) жорығы он тоғыз деп беріледі (Бұхари, № 3949, 4404, 4471. Мүслим, № 1254. Тирмизи, № 1676).