وَعَنْ مُجَاهِدٍ فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَالَّذِينَ يُتَوَفَّوْنَ مِنْكُمْ وَيَذَرُونَ أَزْوَاجًا﴾ الْآيَةَ، قَالَ: «كَانَتْ هَذِهِ الْعِدَّةُ تَعْتَدُّ عِنْدَ أَهْلِ زَوْجِهَا وَاجِبًا، فَأَنْزَلَ اللَّهُ تَعَالَى: ﴿وَالَّذِينَ يُتَوَفَّوْنَ مِنْكُمْ وَيَذَرُونَ أَزْوَاجًا وَصِيَّةً لِأَزْوَاجِهِمْ مَتَاعًا إِلَى الْحَوْلِ غَيْرَ إِخْرَاجٍ ۚ فَإِنْ خَرَجْنَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِي مَا فَعَلْنَ فِي أَنْفُسِهِنَّ مِنْ مَعْرُوفٍ﴾». قَالَ: «جَعَلَ اللَّهُ تَعَالَى لَهَا تَمَامَ السَّنَةِ سَبْعَةَ أَشْهُرٍ وَعِشْرِينَ لَيْلَةً وَصِيَّةً، إِنْ شَاءَتْ سَكَنَتْ فِي وَصِيَّتِهَا وَإِنْ شَاءَتْ خَرَجَتْ. وَهُوَ قَوْلُهُ تَعَالَى: ﴿غَيْرَ إِخْرَاجٍ ۚ فَإِنْ خَرَجْنَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ﴾، فَالْعِدَّةُ كَمَا هِيَ وَاجِبَةٌ عَلَيْهَا». قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا: «نَسَخَتْ هَذِهِ الْآيَةُ عِدَّتَهَا عِنْدَ أَهْلِهَا فَتَعْتَدُّ حَيْثُ شَاءَتْ». قَالَ عَطَاءٌ: «ثُمَّ جَاءَ الْمِيرَاثُ فَنَسَخَ السُّكْنَى، فَتَعْتَدُّ حَيْثُ شَاءَتْ وَلَا سُكْنَى لَهَا». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ وَأَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.
Мүжәһид ﴿وَالَّذِينَ يُتَوَفَّوْنَ مِنْكُمْ وَيَذَرُونَ أَزْوَاجًا يَتَرَبَّصْنَ بِأَنْفُسِهِنَّ أَرْبَعَةَ أَشْهُرٍ وَعَشْرًا﴾ «Араларыңнан қайтыс болған ер адамдардың артында тұл қалған жұбайлары аза тұтып, төрт ай он күн күтеді.» («Бақара» сүресі, 234-аят) деген аят жайында былай дейді: «Әйел осы ғиддатты күйеуінің туыстарының үйінде өткізуге міндетті еді. Содан кейін Алла Тағала ﴿وَالَّذِينَ يُتَوَفَّوْنَ مِنْكُمْ وَيَذَرُونَ أَزْوَاجًا وَصِيَّةً لِأَزْوَاجِهِمْ مَتَاعًا إِلَى الْحَوْلِ غَيْرَ إِخْرَاجٍ ۚ فَإِنْ خَرَجْنَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِي مَا فَعَلْنَ فِي أَنْفُسِهِنَّ مِنْ مَعْرُوفٍ﴾ “Араларыңнан ажалы жетіп, артына тұл қалатын жұбайлар қалдыратындар, жұбайларының бір жылға дейін үйден қуылмауын әрі нәпақасыз қалмауын қамтамасыз ететін өсиет айтып кетсін. Егер тұл қалған әйелдер өз еркімен кететін болса, олардың шариғатқа сай қабылдаған заңды шешімдері мен істеген істері үшін сендер күнә арқаламайсыңдар.” (“Бақара” сүресі, 240-аят) деген аятты түсірді».
Мүжәһид сөзін былай жалғастырды: «Алла әйелге бір жыл толғанға дейінгі қалған жеті ай жиырма түнді өсиетпен тұруға берді. Әйел қаласа, осы өсиетке сай сол үйде тұрады, қаласа, кетеді. Бұл аяттағы ﴿غَيْرَ إِخْرَاجٍ ۚ فَإِنْ خَرَجْنَ فَلَا جُنَاحَ عَلَيْكُمْ فِي مَا فَعَلْنَ فِي أَنْفُسِهِنَّ مِنْ مَعْرُوفٍ﴾ “үйден қуылмауын… Егер тұл қалған әйелдер өз еркімен кететін болса, олардың шариғатқа сай қабылдаған заңды шешімдері мен істеген істері үшін сендер күнә арқаламайсыңдар.” деген сөздің мағынасы осы. Ал ғиддат әйелге бұрынғысынша міндетті».
Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Бұл аят әйелдің ғиддатын күйеуінің туыстарының үйінде өткізу міндетін жойды. Енді ол ғиддатын қалаған жерінде өткізе алады».
Ата: «Содан кейін мирас аяты түсіп, баспана беру үкімін жойды. Әйел ғиддатын қалаған жерінде өткізеді, оған баспана беру міндеттелмейді», – дейді.1
Түсіндірме
1. Ғалымдар бұл мәселе жөнінде әртүрлі пікір айтқан. Ибн Хажар тәпсір мен фиқһ ғалымдарының арасынан Мүжәһидтің осы түсіндірмесін қуаттаған ешкімді кездестірмегенін айтады.
Бір жыл күтуге қатысты бұрынғы үкім кейін өзгерген. Жесір әйел қайтыс болған күйеуінің туыстарынан нәпақа талап етпейді. Мирас аяты бойынша әйелдің күйеуінің мал-мүлкінде мұрагерлік үлесі бар. Қалған дүние белгіленген үлестеріне қарай мұрагерлеріне беріледі.
Бір жылдық нәпақаны өсиет ету туралы аят мирас аятына дейін түскен деп түсіндірілген. Мирас аятында әйелдің мұрагерлік үлесі белгіленген соң, мұрагерге өз алдына өсиет қалдырылмайтыны туралы үкім қолданылған. Осы түсіндірме бойынша әйелдің күйеуінің үйінде бір жыл тұруына қатысты бұрынғы үкім өзгеріп, ғиддат төрт ай он күн болып белгіленген.
2. Атаның «Мирас аяты баспана беру үкімін жойды» деген сөзі нәпақа беру үкімінің де өзгергенін білдіреді. Өйткені ғиддат өткізетін баспана нәпақаның бір бөлігі деп қарастырылған. Нәпақа міндеті жойылған соң, әйелдің сол баспанада ғиддат өткізу міндеті де тоқтайды. Имам Шафиғи нәпақа мен баспананы бөлек үкімдер деп қараған. Жанан Мүжәһидтің пікірі жеке қалғанына сүйеніп, осы тұрғыдан ол пікірді әлсіз санаған түсіндірмені келтіреді.
- 1Бұхари, «Талақ», № 5344 және «Тәпсір», «Бақара» сүресі, 41. Әбу Дәуіт, «Талақ», № 2298, 2301. Нәсәи, «Талақ», 60 (6/200).