وَعَنْ أَبِي الدَّرْدَاءِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «نَظَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فِي بَعْضِ أَسْفَارِهِ إِلَى امْرَأَةٍ مُجِحٍّ بِبَابِ فُسْطَاطٍ، فَسَأَلَ عَنْهَا، فَقِيلَ: أَمَةُ فُلَانٍ. فَقَالَ: لَعَلَّهُ يُرِيدُ أَنْ يُلِمَّ بِهَا. فَقَالُوا: نَعَمْ. قَالَ: لَقَدْ هَمَمْتُ أَنْ أَلْعَنَهُ لَعْنًا يَدْخُلُ مَعَهُ قَبْرَهُ. كَيْفَ يُوَرِّثُهُ وَهُوَلَا يَحِلُّ لَهُ؟ أَوْ كَيْفَ يَسْتَخْدِمُهُ وَهُوَلَا يَحِلُّ لَهُ؟». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ. «الْمُجِحُّ» بِجِيمٍ ثُمَّ حَاءٍ مُهْمَلَةٍ: الْمَرْأَةُ الْحَامِلُ إِذَا دَنَا وَقْتُ وِلَادَتِهَا. وَ«الْفُسْطَاطُ»: الْخَيْمَةُ الْكَبِيرَةُ. وَ«أَلَمَّ بِهَا» يُلِمُّ إِذَا قَارَبَهَا، وَالْمُرَادُ بِهِ هُنَا الْجِمَاعُ. وَالضَّمِيرُ فِي «يُوَرِّثُهُ» وَ«يَسْتَخْدِمُهُ» رَاجِعٌ إِلَى الْوَلَدِ الَّذِي فِي بَطْنِهَا. وَالْمَعْنَى أَنَّ أَمْرَهَا مُشْكِلٌ، إِنْ كَانَ وَلَدُهُ لَمْ يَحِلَّ لَهُ اسْتِعْبَادُهُ، وَإِنْ كَانَ وَلَدُ غَيْرِهِ لَمْ يَحِلَّ لَهُ تَوْرِيثُهُ.
Әбу әд-Дәрда (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.) бір сапарында үлкен шатырдың кіреберісінде босануға жақын әйелді көріп, оның кім екенін сұрады. Жанындағылар: “Пәленшенің күңі”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Иесі оған жақындамақшы болса керек” – деп сұрады. Олар: “Иә”, – деді. Сонда ол: “Оған қабіріне бірге кіретіндей лағынет айтқым келді. Өзіне адал болмаған баланы қалай мұрагер етеді? Ал оны қызметке салуға құқығы жоқ бола тұра, қалай жұмсайды?” – деді».1
Түсіндірме
Бұл хадистерде жүкті тұтқын әйелге босанғанша жақындауға тыйым салынған. № 4201 риуаят баланың тегін шатастырып, өзгенің баласына мұра тағайындау немесе өз баласын құл орнына жұмсау қаупін көрсетеді. Нәуәуи мұны былай түсіндіреді: «Бала алты айда дүниеге келсе, оның бұрынғы күйеуінен немесе қазіргі иесінен болуы ықтимал. Егер бұрынғы күйеуінің баласы болса, әлгі кісі білместен оған мұра тағайындауы мүмкін. Ал өз баласы болса, оны білместен құл орнына жұмсауы мүмкін». Осындай күмәнге жол бермеу үшін жүкті әйелге босанғанша жақындауға тыйым салынған.
Қади Ияд мұны басқаша жорамалдаған. Оның пайымынша, хадисте құрсақтағы бала басқа ер адамның ұрығынан дамуын жалғастырады деген сол дәуірдегі түсінік меңзелуі мүмкін. Ол бұған «Аллаға және ақырет күніне иман келтірген адамға өз суымен өзгенің егінін суару адал емес» деген мағыналас хадисті дәлел ретінде келтірген.
Нәуәуи Қади Иядтың бұл жорамалымен келіспеген.
Шафиғилер, ханафилер, Нахағи мен Мәлик жүкті күңге босанғанша жақындауға болмайтыны жөнінде келіскен.
Риуаятта жүкті емес тұтқын әйелдің истибрасы да сөз болады. Бұрынғы некеден жүкті қалмағанын анықтау үшін бір етеккір мерзімі күтіледі. Ғалымдар етеккірді жүктіліктің жоқтығын аңғартатын белгі деп қарастырған.
Ғалымдар тұрмыс құрмаған күңдерге истибра қажет пе деген мәселеде әртүрлі пікір айтқан. Кейбірі хадисті негізге алып, оларға да бір етеккір мерзімін күтуді қажет деп санаған. Бұған ғиддат үкімін мысалға келтірген. Жалпы мақсат – жақындаспас бұрын әйелдің жүкті еместігін анықтау.
Кей ғалымдар истибраны жүктілігі белгісіз әйелдерге ғана қатысты деп түсінген. Олар жүктілігі анықталған әйелге жүктілікті анықтауға арналған истибра қажет емес, ал бұрын жақындаспаған әйелге де бұл шарт жүрмейді деген. Бұхариде Ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаят осы пікірге дәлел ретінде келтіріледі.
Бұл тақырыпқа қатысты кей түсіндірме № 4198 хадистің тұсында берілді.
- 1Мүслим, «Никах», 139, (1441). Әбу Дәуіт, «Никах», 45, (2156).