عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَقُولَنَّ أَحَدُكُمْ عَبْدِي وَأَمَتِي. وَلَا يَقُولَنَّ الْمَمْلُوكُ رَبِّي وَرَبَّتِي. لِيَقُلِ الْمَالِكُ: فَتَايَ وَفَتَاتِي وَلْيَقُلِ الْمَمْلُوكُ: سَيِّدِي وَسَيِّدَتِي. فَإِنَّكُمْ الْمَمْلُوكُونَ، وَالرَّبُّ هُوَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ وَأَبُو دَاوُدَ.
Қазақша аудармасы
Әбу Һурайра (р.а.) Расулалланың (с.а.с.) мына сөзін жеткізеді: «Ешқайсың “құлым”, “күңім” демесін. Құл да “раббым”, “раббатым” демесін. Қожайыны “ұлым”, “қызым” десін, құл “мырзам”, “ханымым” десін. Өйткені барлығың Алланың құлысыңдар, ал Рабб – аса үстем, ұлық Алла».1
- 1Әбу Дәуіт, «Әдеп», 83 (№ 4975–4976). Бұхари, «Итқ», 17. Мүслим, «Әлфаз» (№ 2249).