وَعَنْ أَبِي مَسْعُودِ الْبَدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «كُنْتُ أَضْرِبُ غُلَامًا لِي بِالسَّوْطِ فَسَمِعْتُ صَوْتًا مِنْ خَلْفِي يَقُولُ: اعْلَمْ أَبَا مَسْعُودٍ. فَلَمْ أَفْهَمِ الصَّوْتَ مِنَ الْغَضَبِ. فَلَمَّا دَنَا مِنِّي إِذَا هُوَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَقُولُ: اعْلَمْ أَبَا مَسْعُودٍ، اعْلَمْ أَبَا مَسْعُودٍ فَأَلْقَيْتُ السَّوْطَ مِنْ يَدِي. فَقَالَ: اعْلَمْ أَبَا مَسْعُودٍ إِنَّ اللَّهَ أَقْدَرُ عَلَيْكَ مِنْكَ عَلَى هَذَا الْغُلَامِ. قَالَ: فَقُلْتُ: لَا أَضْرِبُ مَمْلُوكًا بَعْدَهُ أَبَدًا». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ وَأَبُو دَاوُدَ وَالتِّرْمِذِيُّ.
Әбу Мәсғуд әл-Бәдри (р.а.) былай дейді: «Құлымды қамшымен ұрып жатқанда, артымнан: “Уа, Әбу Мәсғуд, біліп қой!” – деген дауыс естідім. Ашуланып тұрғандықтан, дауысты танымадым. Жақындаған кезде оның Расулалла (с.а.с.) екенін білдім. Ол: “Уа, Әбу Мәсғуд, біліп қой! Уа, Әбу Мәсғуд, біліп қой!” – деп келе жатты. Қолымдағы қамшыны тастадым. Ол: “Уа, Әбу Мәсғуд, біліп қой! Сенің мына құлға билігіңнен гөрі, Алланың саған құдіреті әлдеқайда зор”, – деді. Мен: “Бұдан былай ешбір құлға қол көтермеймін”, – дедім».1
- 1Мүслим, «Әйман», 34 (№ 1659). Әбу Дәуіт, «Әдеп», 133 (№ 5159–5160). Тирмизи, «Бирр» (№ 1948, Ибраһим Жанан басылымында № 1949).