Хадис

Кутуб ситтә, № 4128

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
560. Риуаят және оны жеткізу
Нөмірі
№ 4128 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 3
4128
Кутуб ситтә, № 4128 · тараудағы реті: 3

وَعَنْ مَحْمُودِ بْنِ الرَّبِيعِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «عَقَلْتُ مِنْ رَسُولِ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ مَجَّةً مَجَّهَا فِي وَجْهِي مِنْ دَلْوٍ مِنْ بِئْرٍ كَانَتْ فِي دَارِنَا وَأَنَا ابْنُ خَمْسِ سِنِينَ». أَخْرَجَهُ الشَّيْخَانِ.

Қазақша аудармасы

Махмуд ибн әр-Рабиғ (р.а.) былай дейді: «Бес жасымда Алла елшісінің (с.а.с.) үйіміздегі құдықтан шелекпен алған суды аузынан бетіме бүріккені есімде».1

Түсіндірме

1. Бұхари бұл хадисті баланың қай жастан бастап хадис тыңдай алатыны туралы бапта келтірген. Бала балиғатқа жетпей тұрып естігенін есінде сақтаса, есейгенде жеткізе алады. Бұл риуаят та бес жасар баланың басынан өткен жайтты есте сақтағанына мысал.

Бұл мәселе жөнінде ғалымдардың пікірі әртүрлі болған. Яхия ибн Мағин хадис тыңдаушы кемінде он бес жаста болуы керек деп, Ибн Омардың Ұхұд соғысына алынбағанын дәлелге келтірген. Ахмад ибн Ханбал естігенін ұға алатын бала хадис тыңдай алады, Ибн Омардың жайы соғысқа қатысты деген.

Хадис ғалымдары айналасындағыны ажырата алатын жаста естіген бала оны балиғатқа жеткен соң жеткізсе, риуаятын қабылдауға болады деген.

Бұхаридің бұл риуаятты кітабына енгізуінен оның кішкентай баланың хадис тыңдауын құп көргені аңғарылады.

2. Хадистен имамның таныстарының үйіне баруына, кішкентай балалармен әзілдесуіне болатыны көрінеді. Бес жасар немесе одан кіші баланың ілім мәжілісіне қатысуына да болады.

Ілім тыңдауда баланың жасынан гөрі естігенін түсініп, есте сақтай алуы маңызды.

Ғалымдар баланың айналасындағыны ажырата бастайтын тәмйиз жасын алты немесе жеті жас деп көрсеткен.

  1. 1Бұхари, «Ілім», 18 (№ 77). Мүслим, «Мәсажид», 54 (№ 33, сөзінде аздаған айырма бар).