وَعَنْ أَنَسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا عَدْوَى وَلَا طِيَرَةَ، وَيُعْجِبُنِي الْفَأْلُ. قَالُوا: وَمَا الْفَأْلُ؟ قَالَ: كَلِمَةٌ طَيِّبَةٌ». أَخْرَجَهُ الْخَمْسَةُ إِلَّا النَّسَائِيَّ. وَزَادَ الْبُخَارِيُّ: «وَيُعْجِبُنِي الْفَأْلُ الصَّالِحُ، الْكَلِمَةُ الْحَسَنَةُ».
Қазақша аудармасы
Әнәс (р.а.) былай дейді: «Алла елшісі (с.а.с.): “Адуа (ауру өздігінен жұғады деген сенім) да, тиярә (жаманға жору) да жоқ. Ал фәлді ұнатамын”, – деді. Қасындағылар: “Фәл деген не?” – деп сұрағанда, ол: “Жақсы сөз”, – деп жауап берді».
Бұхаридің риуаятында Алла елшісі (с.а.с.): «Маған ізгі фәл, яғни жақсы сөз ұнайды», – деген.1
- 1Бұхари, «Тибб», 44, 54 (№ 5756, 5776). Мүслим, «Сәлем», 113 (№ 2224). Әбу Дәуіт, «Тибб», 24 (№ 3916). Тирмизи, «Сияр», 47 (№ 1615).