وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: عَلَيْكُمْ بِالْإِثْمِدِ فَإِنَّهُ مِنْ خَيْرِ أَكْحَالِكُمْ: يَجْلُو الْبَصَرَ، وَيُنْبِتُ الشَّعْرَ، وَكَانَ ﷺ إِذَا اكْتَحَلَ يَكْتَحِلُ فِي الْيُمْنَى ثَلَاثًا، يَبْتَدِئُ بِهَا وَيَخْتِمُ بِهَا، وَفِي الْيُسْرَى اثْنَيْنِ»
Қазақша аудармасы
Ибн Аббас (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.): «Исмидті қолданыңдар. Ол – сүрмелеріңнің ең жақсыларының бірі. Көздің көруін айқындап, кірпікті өсіреді», – дегенін жеткізген. Алла елшісі сүрме жаққанда оң көзінен бастап, оң көзімен аяқтайтын. Оң көзіне үш рет, сол көзіне екі рет жағатын.1
- 1Ибраһим Жанан бұл риуаятты Рәзинге телиді. №3995 риуаяттың соңындағы дереккөз көрсеткішін қараңыз.