Хадис

Кутуб ситтә, № 506

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 506 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 66
506
Кутуб ситтә, № 506 · тараудағы реті: 66

وَعَنْ عُبَيْدِ بْنِ عُمَيْرٍ قَالَ: قَالَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَوْمًا لِأَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ: «فِيمَ تَرَوْنَ هَذِهِ الْآيَةَ نَزَلَتْ: ﴿أَيَوَدُّ أَحَدُكُمْ أَنْ تَكُونَ لَهُ جَنَّةٌ﴾؟» قَالُوا: «اللَّهُ أَعْلَمُ». فَغَضِبَ عُمَرُ فَقَالَ: «قُولُوا نَعْلَمُ أَوْ لَا نَعْلَمُ». فَقَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «فِي نَفْسِي مِنْهَا شَيْءٌ يَا أَمِيرَ الْمُؤْمِنِينَ». قَالَ عُمَرُ: «يَا ابْنَ أَخِي، قُلْ وَلَا تَحْقِرْ نَفْسَكَ». قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «ضُرِبَتْ مَثَلًا لِعَمَلٍ». قَالَ عُمَرُ: «أَيُّ عَمَلٍ؟» قَالَ ابْنُ عَبَّاسٍ: «لِعَمَلٍ». قَالَ عُمَرُ: «لِرَجُلٍ غَنِيٍّ يَعْمَلُ بِطَاعَةِ اللَّهِ عَزَّ وَجَلَّ، ثُمَّ بَعَثَ اللَّهُ لَهُ الشَّيْطَانَ، فَعَمِلَ بِالْمَعَاصِي حَتَّىٰ أَغْرَقَ أَعْمَالَهُ». أَخْرَجَهُ الْبُخَارِيُّ.

Қазақша аудармасы

Убәйд ибн Умайр былай дейді: «Бірде Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) Алла елшісінің (с.а.с.) сахабаларынан: “‘Қайсыбірің болмасын, ішінде өзен-сулары сарқырап ағып жататын, әр алуан жеміс беретін құрма һәм жүзім бақшасы болғанын, бірақ өзі жасы жетіп қартайған әрі буыны бекіп, бұғанасы қатпаған жас балалары болғанын, сондай-ақ тосыннан от араласқан жалынды құйын көтеріліп, бақшасының астан-кестеңін шығарып, өртеп жібергенін қалар ма еді?!’1 деген аят не туралы түскен деп ойлайсыңдар?” – деп сұрады. Олар:

– Алла жақсырақ біледі, – деп жауап берді. Омар (р.а.) бұл жауапқа ашуланып:

– “Білеміз” немесе “білмейміз” деп айтыңдар, – деді. Сонда Ибн Аббас:

– Уа, мүміндердің әміршісі! Бұл аят туралы айтар бір ойым бар, – деді. Омар (р.а.) оған:

– Бауырымның баласы, айта бер, өзіңді төмен санама, – деді. Ибн Аббас:

– Бұл аят бір амалға мысал ретінде келтірілген, – деді.

– Қандай амалға? – деп сұрады Омар (р.а.).

– Бір амалға, – деді Ибн Аббас. Омар: – Бір дәулетті адамның амалына. Ол Аллаға бойсұнып, игі істер істеп жүреді. Кейін Алла оған шайтан жібереді. Ол күнәға бой алдырып, ақыры істеген игі амалдарының бәрін зая кетіреді, – деді»2.

  1. 1«Бақара» сүресі, 266-аят.
  2. 2Бұхари, «Тәпсір», «Бақара», 47 (4538).