Хадис

Кутуб ситтә, № 494

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 494 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 54
494
Кутуб ситтә, № 494 · тараудағы реті: 54

وَعَنْ شَقِيقِ بْنِ عُقْبَةَ عَنِ الْبَرَاءِ بْنِ عَازِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «نَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: حَافِظُوا عَلَى الصَّلَوَاتِ وَصَلَاةِ الْعَصْرِ. فَقَرَأْنَاهَا مَا شَاءَ اللَّهُ، ثُمَّ نَسَخَهَا اللَّهُ تَعَالَى، فَنَزَلَتْ: ﴿حَافِظُوا عَلَى الصَّلَوَاتِ وَالصَّلَاةِ الْوُسْطَى﴾». فَقَالَ رَجُلٌ كَانَ جَالِسًا عِنْدَ شَقِيقٍ لَهُ: «فَهِيَ إِذًا صَلَاةُ الْعَصْرِ». قَالَ الْبَرَاءُ: «قَدْ أَخْبَرْتُكَ كَيْفَ نَزَلَتْ وَكَيْفَ نَسَخَهَا اللَّهُ تَعَالَى». أَخْرَجَهُ مُسْلِمٌ.

Қазақша аудармасы

Шақиқ ибн Уқба Бәра ибн Азибтің (р.а.) былай дегенін жеткізеді: «Алдымен “Намаздарға және екінті намазына берік болыңдар” деген аят түсті. Алла қалаған уақытқа дейін оны осылай оқыдық. Содан кейін Алла тағала оны насых етіп, “Бес уақыт намазға, әсіресе ортаңғы намазға өте берік болыңдар” деген аятты түсірді». Шақиқтың қасында отырған бір кісі: «Олай болса, ортаңғы намаз – екінті намазы», – деді. Бәра оған: «Мен саған аяттың қалай түскенін және Алланың оны қалай насых еткенін ғана айтып бердім», – деп жауап қатты1.

  1. 1Мүслим, Мәсәжид: 208, (630).