Хадис

Кутуб ситтә, № 487

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 487 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 47
487
Кутуб ситтә, № 487 · тараудағы реті: 47Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿وَبُعُولَتُهُنَّ أَحَقُّ بِرَدِّهِنَّ فِي ذَٰلِكَ إِنْ أَرَادُوا إِصْلَاحًا﴾ قَالَ: «كَانَ الرَّجُلُ إِذَا طَلَّقَ امْرَأَتَهُ فَهُوَ أَحَقُّ بِرَجْعَتِهَا، وَإِنْ طَلَّقَهَا ثَلَاثًا. فَنُسِخَ ذَلِكَ بِقَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿الطَّلَاقُ مَرَّتَانِ فَإِمْسَاكٌ بِمَعْرُوفٍ أَوْ تَسْرِيحٌ بِإِحْسَانٍ﴾». أَخْرَجَهُ أَبُو دَاوُدَ وَالنَّسَائِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас Құран Кәрімдегі «Егер сол мерзім ішінде күйеулері олармен қайта татуласуды қаласа, оларды өздеріне қайта жар етуге өзге еркектерге қарағанда күйеулері әбден лайық»1 деген аят туралы былай дейді: «Бұрын ер адам әйеліне үш рет талақ айтса да, оны қайта жар етуге өзге еркектерден гөрі құқылы еді. Алайда бұл үкім Алла тағаланың “Талақ кезегі екіге дейін. Сосын оны не жақсылықпен өзіне жар етіп алып қалады, не болмаса көңілін тауып, жақсылықпен қоя береді”2 деген аятымен жойылды»3.

  1. 1«Бақара» сүресі, 228-аят (үзінді).
  2. 2«Бақара» сүресі, 229-аят (үзінді).
  3. 3Әбу Дәуіт, «Талақ», 10 (2195). Нәсәи, «Талақ», 74 (6/212, № 3554).