Хадис

Кутуб ситтә, № 483

Жинақ
Кутуб ситтәالكتب الستة
тарау
54. «Бақара» сүресі
Нөмірі
№ 483 (жалпы рет реті) · тараудағы реті: № 43
483
Кутуб ситтә, № 483 · тараудағы реті: 43Риуаят етуші: Ибн Аббас

وَعَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا قَالَ: «جَاءَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، هَلَكْتُ”. قَالَ: “وَمَا أَهْلَكَكَ؟” قَالَ: “حَوَّلْتُ رَحْلِي اللَّيْلَةَ”. فَلَمْ يَرُدَّ عَلَيْهِ شَيْئًا، فَأَوْحَى اللَّهُ تَعَالَى إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ هَذِهِ الْآيَةَ: “نِسَاؤُكُمْ حَرْثٌ لَكُمْ فَأْتُوا حَرْثَكُمْ أَنَّى شِئْتُمْ”. أَقْبِلْ وَأَدْبِرْ، وَاتَّقِ الدُّبُرَ وَالْحَيْضَةَ». أَخْرَجَهُ التِّرْمِذِيُّ.

Қазақша аудармасы

Ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Омар (р.а.) Алла елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Алланың елшісі, құрыдым!” – деді. Алла елшісі (с.а.с.): “Не болды?” – деп сұрады. Омар: “Бүгін түнде ерімді теріс қаратып салдым (жұбайыма арт жағынан жақындадым)”, – деді. Алла елшісі (с.а.с.) жауап қатпады. Содан соң Алла тағала елшісіне “Әйелдерің – сендердің (ұрпақ өрбітетін) егістіктерің. Ендеше, егістіктеріңе қалаған қалыпта барыңдар” деген аятты уахи етті. Алдынан да, арт жағынан да жақындауға болады. Артқы өтіс арқылы жақындаудан және етеккір кезінде жыныстық қатынастан сақтаныңдар».1

  1. 1Тирмизи, «Тәпсір», «Бақара» (2984, Дарұссалам нөмірлеуінде 2980).